Әлемдік тәжірибе негізінде жұмыс істейтін қор

Әлемдік тәжірибе негізінде жұмыс істейтін қор

Қазіргідей қым-қуыт заманда кейбір мәселелерді шешіп, қаржыландыруда қоғамдық қорлардың атқарып отырған жұмысы айтарлықтай. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат шектеулі болған жағдайда, қоғамдық қорлар сол мәселеге қарлығаштың қанатымен су сепкендей болсада септігін тигізіп жатқанын атап өткен жөн. Олар әр аймақта күрмеуі көп мәселелерді шешу жолында тыңбай еңбек етіп, халықтың игілігіне жұмыс істеп келеді. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, олардың мәселесін көтеріп, тиісті жұмыстарды дер кезінде атқарып отырған қорлар елімізде көп болса қанша мәселе үкіметке алақан жайып отырмай өздігінен шешімін табары сөзсіз.

Жұртшылықтың көңілінен шығып жұмыс істеп келе жатқан осындай қорлардың бірі «Қолғанат-Ақтөбе» қоры. Ақтөбедегі бұл қордың ашылып, нақты бағытта жұмыс жасай бастағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Қор жұмысы жариялы түрде көпшілікке ашық жүргізілуде. Қор құрудағы басты мақсат — мұқтаж жандарға көмек көрсету. Қазіргі таңда «Қолғанат-Ақтөбе» қоры әлемдік тәжірибенің жетістіктерін нысанаға алып жұмыс істеуде.
Кезінде Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету үшін "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қоры арнайы есепшот ашып, игілікті жұмысты қолға алған болатын. Бұл туралы сол уақытта қала әкімдігінде өткен жиында қала әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева хабарлаған еді. Қала басшылығы "Қолғанат Ақтөбе" қорының сенімді ұйым екенін, жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсетеміз дегендер көп болғандықтан олардың "алаяқтарға алданып қалмауы үшін" және ортақ бір есепшот болғанын қалайтынын білдірген.
Осындай жұмыстарды барынша тиянақты атқарып келе жатқан қор әрдайым жұртышылық көңілінен шығуда. Бұл туралы Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова және қалалық мәслихаттың депутаты, «Қолғанат-Ақтөбе» қорының төрайымы Күлшат Масалимова жергілікті басылымға берген сұхбатында кеңінен әңгімелеп өтті.
– Әлемде, жалпы өзге мемлекеттерде мұндай қорлар бар. Олар тұрақты әрі жүйелі жұмыс жасайды. Ең бастысы — қор қоғам тарапынан зор беделге ие. Оларды негізінен қолдап тұрғандар — журналистер, белгілі қоғам қайраткерлері мен өнер иелері. Сондықтан да халықтың сеніміне ие болып, қор жұмысының жариялы жүргізілуінің нәтижесінде өзге мемлекеттерде қор туралы көпшілікке арнайы роликтер көрсетіліп, жарнамаланады. Бұл жұмыстар — қоғам тарапынан жүргізіледі. Себебі, әлем елдері тұрғындары өз мемлекетінде, өз аймағында қоғамдық сенімге ие қор жұмысына жоғары баға береді. Әлем елдеріндегі мұндай қорлар билікпен етене тығыз жұмыс жасайды, әлеуметтік мәселелерді бірігіп шешеді. Осындай әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, «Қолғанат-Ақтөбе» қорын құру туралы ұсыныс қабыл алынып, өз жұмысын бастағалы жатқанда, сәуірде Ақтөбеде су тасқыны болды. Қалада төтенше жағдай жарияланып, тасқыннан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілді. Осы кезде «Қолғанат-Ақтөбе» қоры өз жұмысын нөлден бастап кетті. Қор есепшотына көмек көрсету үшін көпшілік тарапынан заңды және жеке тұлғалардан, тіпті көрші облыстар мен Ресейден де көлемді ақша аударғандар болды. Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсету үшін қорға әлі де болса қаражат түсіп жатыр, — деді Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова.

Ал Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, «Қолғанат–Ақтөбе» қорының төрайымы Күлшат Масалимова «Қорды қолдау қажет» дейді.

— Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов бізді жинап, қор құру, ол қордың мұқтаж жандар үшін қызмет етуі керектігі жайында бастама көтергенде, мен Түркия елінің тәжірибесін көз алдыма елестеттім. Сол жиында қала әкіміне Түркияда осындай мақсатта жұмыс жасайтын қордың барын айттым. Өзіңіз ойлап қараңызшы, егер кеме теңізде жоғалып кетсе, кеменің жағалауды бағдарлауына әрі өз орнын анықтауын және оны әртүрлі навигациялық қауіптерден сақтандыруға арналған маяк тұрады. Қор да сол маяк секілді, өмірде қиын жағдайға тап болғандарға қамқор болу мақсатында ашылды. Осындай мұқтаж жандарға қор тарапынан көмек көрсетуіміз керек. Мен түрік еліндегі қордың қалай жұмыс істейтінін өз көзіммен көрдім. Егер мен сол қорға қаражат аударсам, қор жанындағы комиссия мүшелері сол қаражаттың қандай мақсатқа жұмсалғаны турасында иесіне жауап хат жолдайды. Қазір біз де осы тәжірибе негізінде жұмыс жасап жатырмыз. «Қолғанат-Ақтөбе» қорына 500 мың теңгеден жоғары қаражат аударған мекеме болмаса жеке тұлғаларға, қаржының қандай мақсатқа жұмсалғаны туралы тізім жазып, жауап хат жолдап жатырмыз. Бүгінде Түркияда қоғам тарапынан зор беделге ие болған мұндай қор туралы телеарнада тұрақты хабар көрсетіледі. Сол хабардың қашан болатынын біліп, тағатсыздана күткенім әлі есімде. Себебі, қор туралы хабарда ненің көрсетілетіні маған қызық болды. Хабар барысында көмекке мұқтаж отбасы мәселесі айтылды, яғни қорға осы отбасының әлеуметтік мәселесі жайында хабарланады. Қор мүшелері сол отбасының үйіне барып, проблеманың барына шын мәнісінде көз жеткізеді. Мәселенің анық-қанығын тексереді. Отбасын асырап отырған отағасы қатты науқастанған, әйелі жұмыссыз. Үйге келер еш табыс жоқ, оның үстіне науқасты емдеу керек. Қор қызметкерлері осы жайдан соң отағасын емдету үшін бірнеше клиникаға жолығады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде көрсетіледі, телеарналар арнайы түсірілім жасайды. Сөйтіп, қордың ықпалымен әлгі отбасы нақты көмекке қол жеткізеді. Клиника науқасты емдеуді өз мойнына алса, үйдегі жұмыссыз әйелге әлдебір кәсіпорындар жұмыс ұсынады. Қордың әрі биліктің ықпалымен бір отбасыға осылайша жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Ал бізде қалай? Тұрғындардың көпшілігі мұқтаж жандарға ақшалай көмек беруге дайын тұрады. Әрине, қаржылай көмек керсеткен дұрыс. Алайда, көмекке зәру адамға нақты не қажет, әуелі соны тексеріп, содан кейін ғана қамқорлық танытқанымыз дұрыс. Ол үшін қаражат ортақ қазынаға, яғни «Қолғанат-Ақтөбе» қорының есепшотына аударылғаны абзал, - деп өз ойымен бөлісті қор төрайымы сұхбат барысыңда.

Таңат Жайлау

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста