Алматыда «Нұр Отан» партиясы пікірталас турнирін ұйымдастырды

Алматыда «Нұр Отан» партиясы пікірталас турнирін ұйымдастырды

Жастардың пікірі қоғамдағы ең құнды пікір. Олардың әртүрлі шараларда беленділік танытып, өз көзқарастарын қалыптастыруы, болашақтағы азаматтық тұлғасына ықпал етеді. 

Осы мақсатта еліміздің бас партиясы жастардың ой-пікірінің қалыптасуына ықпал ететін шараларды көптеп ұйымдастырып келе жатқаны әмбеге аян. Сол шаралардың бірі ретінде ҚаҰУ-да өткен пікірталас турнирін де айтуға болады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында «Нұр Отан» партиясының кубогына орай өткен XV Республикалық пікірталас турниріне еліміздің әр аймағынан 14 команда қатысты.
Бұл турнирдің мақсаты – жастар арасында пікірсайыс қозғалысына қолдау көрсету, қоғамдық пікір көшбасшыларын анықтау.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Тәбеев, Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов, ұлттық жоғары оқу орындарының студенттері мен партия өкілдері қатысты.


Турнирге қатысушылардың алдында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Тәбеев сөз сөйледі. - Республикалық турнир бүкіл Қазақстан өңірлеріндегі жастардың басын біріктіріп отыр. Бүгін саясат, әлеуметтік сұрақтар, еркін тақырып бойынша өзекті мәселелер пікірталасушылар арасында талқыланып, жаңа идеялар мен ойлар айтылады деп ойлаймын. Жалпы пікірталасты ұйымдастырудағы басты мақсат жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, сөз сөйлеу мәдениетін дамыту, - деді Қайым-Мұнар Тәбеев.
Дәстүрге айналған іс-шара жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінен белсенді жастарды жинайды. Бірінші орынды иеленген турнир жеңімпаздарының әрқайсысы өз өңірлерінің көшбасшылары болып табылады.
Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметовтың айтуынша, турнирге қатысушылар алдына қойылған басты мақсат - Президенттің Жолдауын насихаттау және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау.
Ерекше атап өтетін болсақ, барлық пікірталасушылар тіл шеберлігі мен талқыланатын мәселелер туралы терең білімдерімен ерекше көзге түсті.
«Нұр Отан» партиясының кубогы үшін пікірсайыс турнирінің мәресінде Қызылорда облысының «Қызылорда құрамасы» командасы жеңіске жетті, екінші орынды Жамбыл облысының «Бір кем дүние» командасы иеленді. Үшінші орын Солтүстік Қазақстан облысының «Ақсауыт» командасына бұйырса, төртінші орын Шығыс Қазақстан облысының командасына берілді.
Линкольн-Дуглас форматы бойынша (пікірталасушылардың бетпе-бет кездесуі) Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Кұдірет Асатиллаұлы «Үздік спикер» номинациясына ие болса, «Үздік төреші» атағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенты Өтеген Төрежанға берілді.
Дебаттық турнирдің қорытындысы бойынша студенттер сайысқа белсенділікпен қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.

Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста