Алматыда қаланың 1000 жылдығының символы болатын қақпа салынды
Алматыда әл-Фараби мен Достық көшелерінің қиылысында қаланың 1000 жылдық тарихын көрсететін қақпа тұрғызылды. Оның биіктігі - 5,5 метр, ұзындығы - 32 метр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғызылған қақпада алма бейнесіндегі ағаштар, сонымен қатар, ұлттық нақыштағы бұйымдардың элементтері бар. Айта кетейік, қақпа ол жерге жайдан-жай тұрғызылған жоқ, себебі көптеген саяхатшы "Шымбұлақ" пен "Медеуге" сол көшелерден өтіп барады.
Айта кетейік, қақпаның аумағы қоршалған екен және жаяу жүргіншілер өтетін жол үшін ыңғайлы болды. Жобаның авторларының айтуынша, бұл қақпа алматылықтар мен қала қонақтары үшін танымал жерлердің біріне айналады. Жалпы жоба жеке инвестордың қаражатымен жүзеге асырылған. Кәсіпкер Астана күніне орай Алматы қаласына осындай сыйлық жасап отыр.
"Бұл аумақтан қала сыртына шығатын тұрғындар мен қала қонақтары үшін Алматы туралы жақсы әсер қалдырады деп айтуға болады. Бұрын қираған жолдар, қоқысқа толған арықтар адамдарға қолайсыздық тудыратын. Әсіресе, жауын жауғанда немесе күн қатты ыстық болған кезде сол қолайсыздықтардың куәгері болатынмыз", - деп атап өтті жобаның инвесторы Мұрат Әділханұлы.
Сонымен қатар, үш шақырым аумақта табиғи тастардан салынған жолдар мен велосипедшілерге арналған жол салынды. Жолдың бойына шамамен 800 ағаш отырғызылды. Салынған жолдың жалпақтығы 3,5 метр, ал велосипедшілерге арналған жолдың жалпақтығы - 1,5 метр. Қалада әлі мұндай жолдар салынған емес. Біз жобаны барынша жүзеге асыруға тырыстық. Сәулетші Ян Гейлдің концепциясын ұстандық", - деді кәсіпкер.
Сондай-ақ, кәсіпкер егер де барлық ғимарат салушы қала басшылығының талабына сәйкес жұмыс істеп, қоршаған ортаны осы бағытта жақсартса, саяхатшылардың Алматы қаласына сұранысы бірнеше есе артатынына сенімді.
kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-kalanyin-1000-jyildyigyinyin-simvolyi-bolatyin-270924/