Арыс қаласында жаңа көпір пайдалануға берілді

Арыс қаласында жаңа көпір пайдалануға берілді

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасына сәйкес, қала әкімдігі қала аумағындағы халықтың тұрмыс жағдайы мен халықтың әлеуметтік қажеттілігіне қажетті нысандардың жай-күйін зерделеп, қала тұрғынадарына қажетті нысандардың тізімін жасап, нысандардың құрылыс жұмыстарын, жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Осы іс-шара аясында Арыс қаласындағы Стадион тұрғын ауданындағы халықтың жүріп-тұруына қажетті көпір құрылысын салу жұмыстары жоспарға енгізіліп, Қабылсай сайынан өтетін жаяу жүргіншілер көпір құрылысын салу бірінші кезекке қойылған болатын.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституция күніне және Арыс қаласының 60 жылдық мерейтойларына орай Стадион тұрғын ауданындағы Қабылсай сайынан өтетін жаяу жүргінші көпір құрылысы пайдалануға берілді.
Көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі С.Ертай, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты түрде ашылған көпірдің лентасын қала әкімі С.Ертай және Арыс қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Б.Исламбеков қиып, ашты.
«Арыс қаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың арқасында халық үшін маңызы зор бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы аяқталып отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады»-деді қала әкімі С.Ертай.
Көпір құрылысын бас мердігер «СК»ДАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Көпірдің жалпы ұзындығы 63 метр, ал ені 4 метр болады.
Ашылу рәсіміне қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
inform.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста