Азаматтық қоғам тұрақтылық пен дамудың кепілі

Азаматтық қоғам тұрақтылық пен дамудың кепілі

Елімізде азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы бар. Өйткені азаматтық қоғам мемлекеттің дамуына әсер ететін бірден бір күш. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында қаңтардағы қайғылы оқиғалардың жай-жапсарына тоқталып, одан кейінгі тергеу, тексеру амалдары кезінде заңсыздықтарға жол берілмес үшін тәуелсіз қоғамдық комиссиялар белсенді жұмыс істеп, өз ұстанымдарын, көзқарастары мен пікірлерін ашық білдіріп нәтижелі іс атқарғанын да атап өтті. Белсенді азаматтардың осындай әрекеттері өз кезегінде құзырлы органдардың заңнан ауытқымай жұмыс істеуіне белгілі бір деңгейде ықпалын тигізгені анық.  Қасым-Жомарт Кемелұлы осы жолдауда «Азаматтық қоғам мен құзырлы органдар осылай ашық ынтымақтастық орнататын тәжірибе біздің елімізде берік орнығуға тиіс» екеніне де ерекше назар аударды.

Азаматтық қоғам деген не, құқықтық мемлекет деген не? Алдымен соған тоқталып өтейік. Азаматтық қоғам адамның мүддесін, қажеттілігін, талап тілегін қолдап, іске асуына күш салады. Азаматтық қоғамның басты міндеті – халықтың үні, биліктің көзі мен құлағы болып, екі ортадағы алтын арқауға айналу. Жаңа Қазақстан құру жолындағы еститін мемлекет үшін бұл өте маңызды. Ал құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы – азаматтардың құқығы мен тәуелсіздігін, еркіндігін сақтау. Сонымен қатар, азаматтық қоғамда – бір-біріне бағынышты болу емес, ынтымақты сақтай отырып тең дәрежеде дамуға басымдық беріледі. Сондықтан да құқықтық мемлекетте билік пен азаматтық қоғам бір-бірін жан-жақты толықтырып, тізе қосып жұмыс істейді.

Біздің елімізде бұл мәселе жан-жақты қамтылып, халық пайдасына  жұмыс істейтін бірлестіктерге кеңінен жол ашылған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ бұл мәселеге жіті мән берілді. Өйткені қоғамды ілгерілетудің барлық тетіктері жұмыс істеген кезде ғана елдің дамуы жылдамдайтыны белгілі. Бүгінде сол үрдіс тұрақты түрде заман талабына сай жаңғырып, жанданып келеді. Бірлесе отырып халыққа пайдалы мақсатқа қол жеткізу азаматтарымыздың конституциялық құқығы. Бұл мәселе қоғамның ұстанымына сай келіп мемлекет қорғауында жүзеге асатыны көп нәрсені аңғартса керек.

Қоғамдық бірлестік дегеніміз не екеніне, оның тағы да қандай қырлары барына тоқталып өтсек артық етпес. Алдыға қойған мақсат-мұратқа жету үшін ұстанымдары ортақ азаматтардың бірлесіп құрған саяси партиялары, кәсіподақтар және азаматтардың өзге де ұйымдары, бірлестіктері қоғамдық бірлестікке жатады. Азаматтық қоғам тұрақтылықты және ынтымақты сақтауда, түйткілді мәселелерді шешуде және елді дамыту жолындағы іргелі істерде мемлекеттің сенімді серігі бола алады. Мемлекетімізде бұл үшін мол мүмкіндіктер берілген.

Сарапшылардың пайымына қарағанда жаһандық және ішкі дағдарыстар мен сын-қатерлер жағдайында тұрақтандыру және тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін тек мемлекеттің ресурстары жеткіліксіз. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан алғанда да  мемлекеттің стратегиялық серіктесі және ел дамуының драйвері деуге толық негіз бар. Маңызды шешімдерді қабылдау процестеріне азаматтық қоғамның белсенді қатысуына мүмкіндік жасау өте орынды. Ол үшін елдегі азаматтық қоғамның жай-күйіне объективті талдау жасап, проблемаларды, міндеттерді және оларды тиімді шешу жолдарын анықтап, мемлекет, азаматтық қоғам және бизнес арасындағы қатынастарды қалпына келтіру қажет. Парадигма азаматтық қорғаныс әкімшілігінен дамуға, бақылаудан либерализация мен серіктестікке ауысқан кезде қоғамға, мемлекетке, үкіметке және елге әсер ету мүмкін болады. Азаматтық қоғам осы ұстанымның іске асуының айқын кепілі. Бұл еліміздің экономикалық өсуіне де, саяси тұрақтылығына да кепіл бола алады. Қазір Қазақстанның әр азаматы өзінің таланты мен қабілетін көрсетіп, шыңдала түсу үшін елімізде барлық мүмкіндік қарастырылған.

Адамзат тарихына зер салсақ кез келген дамыған мемлекеттің қозғаушы тетігінің негізі азаматтық қоғам екеніне тереңірек көз жетіземіз. Зерттеуші ғалымдар «Азаматтық қоғам» терминін Аристотель енгізді деген байламды да жиі айтады. Ол азаматтық қоғамды белгілі бір саяси құрылым формасымен байланыстырған еркін және тең құқылы азаматтардың қоғамдастығы деп атады. ХVII – ХVIII  ғасырларда азаматтық қоғам абсолютизм-феодалдық мемлекетке қарсы болды. Кең таралған қазіргі мағынада азаматтық қоғам демократиялы қоғам шеңберінде мемлекеттен тәуелсіз, дербес дамып келе жатқан экономика, мәдениет және басқа салалардағы қатынастардың жиынтығын білдіреді.

Айталық, өткен ғасырдың соңы әлемнің көптеген елдеріндегі коммерциялық емес ұйымдар үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Мәселен Ұлыбританияның төрт бөлігінде коммерциялық емес сектор мен үкімет өзара маңызды келісімдер жасасты. Үкімет пен үшінші сектор ұйымдарының ортасындағы қарым-қатынастарды жүйеге түсіріп, қалыптастыру қажеттілігі Канада, Эстония, Гана, Хорватия және т.б., сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдарда,  атап айтсақ БҰҰ, Еуропалық Одақта жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта көптеген елдерде мемлекет пен үшінші сектор арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып, жаңа өлшемге көшуде.

Әдетте, қоғамдағы жақын арада болатын өзгерістерді көрсетудің ең жақсы тәсілі – бұл екі сектор арасындағы адекватты қатынастардың негізін қалайтын ұлттық құжат ретінде шартты дайындау және қабылдау.

Жалпы, қорыта айтқанда қоғамның жылдам дамуы үшін азаматтық қоғамның тигізер ықпалы зор. Елдің мақсат мүддесін алға сүйрейтін де жетілген азаматтық қоғам. Шынында да, азаматтық қоғам азат азаматтардан тұрады. Ал елімізде азаматтар еркін ойлап, өз пікірмен өмір сүруге құқылы. Азат елдегі азат адамдар ғана табысты бола алады. Жетістікке жету үшін азат ойлы болу өте маңызды. Өйткені қоғам дамуы бір ғана адамның пікіріне тәуелді емес. Халықтың пікірі үнемі ескеріліп сол тұрғыда әрекет жасалғанда ғана даму болады.

Біздің елімізде қоғам пікірі үнемі маңызды. Қазақстанда азаматтық қоғам қазақстандықтардың билікпен байланысының шын мәнінде жұмыс істейтін арнасына айналған деуге болады. Президентіміздің біздің үкімет «еститін мемлекетке» айналуы тиіс деген ұстанымы да соның айқын дәлелі. Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында үнемі азаматтық қоғамды дамыту және жандандыру қажеттілігіне ерекше назар аударып отырады. Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бастамасына елін сүйетін әрбір азамат қолдау білдіруге тиісті. Бұл – баршамыздың Отан алдындағы қасиетті борышымыз.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста