Дін туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер талқыланды

Дін туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер талқыланды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде вице-министр Берік Арынның төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау жөніндегі отырыс өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Аталған отырысқа Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының басшылық құрамы, имамдар, «УАҚЫП» қайрымдылық қорының және Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының өкілдері мен дінтанушы ғалымдар қатысты.
Кездесу барысында отырыстың ашылуында сөз алған вице-министр Берік Арын діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамада азаматтардың құқықтарына кепілдік беретін және қорғайтын, екінші жағынан дінді экстремистік және басқа да деструктивті мақсатта қолдану мүмкіндігін төмендетуге бағытталған құқықтық нормаларды қалыптастыру қажеттігін баса айтты.
Ал, дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Мырзаев Балғабек заң жобасына енгізілетін жаңашылдықтарға тоқталды. Оның сөзінше, заң жобасында шетелде діни білім алу, қоғамдық орындарда адамның-бет бейнесін тұмшалайтын киім түрлерін киюді шектеу, дін қызметіне мемлекеттік қызметкерлердің қатысуы, дін жоралғылары бойынша некені қиғызуға қатысты жаңа нормалар қабылданатын болады.
Бұдан бөлек, заң жобасы аясында БАҚ-та жарнамаланатын және таратылатын деструктивтік идеологиялық ағымдардың киім түрлерін киюге шектеу қою көзделген. Бұл өз кезегінде кәмелеттік жасына толмаған жасөспірімдердің заңсыз діни ағымдарға тартуға қатысты жауапкершілікті күшейтеді.
Отырыс барысында қатысушылар дін мәселелері бойынша заңнамалық актілерге ензілетін түзетулердің маңыздылығына тоқталды. Олардың айтуынша Заң жобасы діни экстремизм идеологияларының тарап кетуінің алдын-алу бойынша жалпы мемлекеттік жүйені қалыптасыру және мемлекеттің зайырлы қағидаттарын күшейтуге негіз бола алады.
Естеріңізге сала кетейік, аталған Заң жобасының толық нұсқасы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми сайтында және «Электронды Үкімет» порталында жарияланған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста