КӘСІПОДАҚҚА ҚАНДАЙ ЖАҢА СТРАТЕГИЯ ҚАЖЕТ?  

КӘСІПОДАҚҚА ҚАНДАЙ ЖАҢА СТРАТЕГИЯ ҚАЖЕТ?   

Мынадай бір қайшы дүние бар. Кәсіподақтар әрқашан жұмысшылардың құқын қорғауға байланысты күрес үстінде жүреді. Бірақ, ол оппозиция емес. Оның міндеті сондай. Кейде ереуілді қолдау арқылы, кейде келісім столына отыру арқылы жұмыс беруші мен жұмысшыны келістіру.

Жұмысшының жағдайы дұрыс болса, кәсіподақ та тыныш. Ол рас, Қазақстан кәсіподақтары әлі де болса әлсіз. Көбінесе жұмыс берушілерді жұмысшылар талабына көндіре алмай жатады. Дегенмен қолынан мүлде ештеңе келмей отыр деуге болмайды. Мысалы, 2017 жылы «АрселорМитталТеміртау» компаниясының 200 шахтері жер бетіне шығудан бас тартты. Ол үлкен ереуілге ұласып кете жаздады. Шахтерлер ереуілі басталысымен кәсіподақ қарап қалмады. Ол жауапты тұлғаларды келіссөзге шақырды. Сөйтіп, кәсіподақ пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және жұмыс берушінің арасында қызу келіссөз басталды. Жұмыс беруші ереуілді сот арқылы тоқтатуды талап етті. Сот оның талабын қанағаттандырды. Бірақ, шахтерлер де өз талабын орындатты. Ақтөбедегі Кеңқияқ кен орнында да осыған ұқсас жағдай болды. «М-Техсервис» компаниясының мұнайшылары жалақыны көбейтуді талап етті. Сөйтіп, келіссөздер арқылы ол талабын орындатты.

Жұмысшылар ереуілге кәсіподақ әлсіз болғандықтан шығады деуге бола ма? Әрине, жоқ. Бұл, ең алдымен жұмыс берушінің немқұрайдылығынан, жұмысшылар талабын ескермегендіктен пайда болатын дүние.

«Бұл жалпы мемлекеттік органдар пен заңдардың әлсіздігінен туатын дүние. Бұл мемлкеттік органдар мен жұмыс беруші өз міндетін дұрыс атқармайды. Кәсіподақтың оған күші жүрмейді. Кәсіподақ несие беруші емес, ол жұмыс мәселесін шешуші емес, кәсіпорындағы билік биліктің қолында» дейді еңбек Конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов.

Сондықтан да жұмыс беруші мен мемлекеттік органдар кәсіподақты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағысы келеді. Ондай кәсіподақтар аз емес. Көпшілік оларды «қалтадағы», немесе «сары» кәсіподақ деп атайды.

«Өкінішке орай, жұмыс берушінің ықпалында жүретін кәсіподақтар баршылық. Біз ондай көзқарасты өзгертіп, одан шығаруға тырысып жатырмыз. Бәрібір бар ондайлар. Олардың саны қанша екенін білмеймін. Ондай тізім жасаған жоқпыз. Бір мәселе туғанда кәсіподақ мүшелері бізге тікелей шығады, ал сол жердегі кәсіподақтың жұмыс берушіге қарсы беттей алмайтынын көрген кезде, біздің араласуымызға тура келеді» дейді Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясы әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрайымы Гүлнара Жұмагелдиева.

Кәсіподақ бірлестіктерінің айтуынша жұмысшылардың құқын қорғау тек ереуіл арқылы емес, көбінесе келіссөз столында жүзеге асады. Мысалы, Қазақстандағы басты мәселенің бірі – жергілік жұмысшылар мен шет елдік мамандардың айлық жалақысының теңсіздігі.

«Еңбекақы төлеуде әлеуметтік теңсіздік белең алып тұр. Теңіз мұнайшылары жалақы айырмашылығын, «Эйр Астана» компаниясының ұшқыштары теңсіздік мәселесін көтерді.Бұл мәселелерге қазір еңбек министрлігі араласып еді, іс оңала бастады. Үкімет шет елдік мамандарға берілетін квотаны шектеу туралы шешім қабылдады. Бұдан артық не керек!» дейді еңбек Конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов.

Қазір тау-кен, мұнай-газ, білім саласындағы кәсіподақтардың ролі күшейіп келеді. Әсіресе, білім саласы кәсіподақтарының еңбегі жемісті болды. Бұл күндері ұстаздар кәсіподағының 730 мың мүшесі бар. Олардың ұстаздар статусына байланысты мәселе көтергеніне он жылдан асты. Ақыры ұстаздардың статусы туралы заң қабылдатуға жетті. Ұстаздар кәсіподағы өткен жылы 3000 еңбек заңын бұзушылық тіркеді. 40 мұғалым жұмыстан заңсыз шығарылыпты. Олардың бәрін қайта орналастырды. Тіпті 9 мұғалімді сот арқылы орналастыруға жетті. 131 ұстазды жұмыстан шығармақ болған, бірақ кәсіподақтың араласуымен оларды жұмысында қалдырды.

Жалпы, педагог статусы жөніндегі мәселе көтерілгеніне 20 жылдай болған. 2007 жылы білім туралы заң қабылданып, 7-і бабы педагог статусына арналған-ды. Бірақ, бұл бап толық жұмыс істемегендіктен қоғамдағы ұстаздардың ролі төмендей бастаған. 2018 жылы ұстаздардың статусына байланысты жаңа заң қабылдау жөнінде шешім қабылданды. Осы заңда мұғалімдер жүктемесін азайту, олардың мамандығына қатысы жоқ жұмыстарға жекпеу сияқты дүниелер нақты шешілуге тиіс болған. Кәсіподақтар заң жазбайды. Бірақ, жаңа заңды әзірлейтін жұмыс тобына кәсіподақ мүшелері тартылды. Олар жаңа заң әзірлеуге белсене қатысты. Сөйтіп, ұстаздың статусын көтеріп, олардың жалақысын көбейтуге, әртүрлі төлемдерді өсіруге қол жеткізді.

Тіпті жаңа заң бойынша оқушылардың ұстазды қорлауынан қорғауға мүмкіндік туды. Енді оқушы ұстазды қорлайтын сөз айтса, әлеуметтік желіге жазса, ата-анасы айыппұл төлейді. Осыдай заң қабылданған соң ұстаз мамандығының қоғамдағы ролі бірден күшейді. Ұстаз мамандығын таңдаушылар саны да күрт өсті. Бұның бәрі елдегі кәсіподақ ұйымдарының ролі өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бірақ, кәсіподақтарға байланысты бір осал дүние бар. Ол кәсіподақтардың өзінің жағдайы, заң тұрғысынан әлсіздігі. Елдегі әлеуметтік жағдайға байланысты 2014 жылы «Кәсіподақтар туралы» заң қабылданды. Өкінішке орай бұл заң еліміздегі жоғарыдан басқару, төмендегілердің бағыныштылығы жүйесіне негізделді. Бастауыш кәсіподақтардың бәрі үлкен салалық, аймақтық, мемлекеттік ұйымдардың құрамына кіруге тиіс болды. Ол кезде еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бір шешімді барлық деңгейде орындатуды мақсат тұтты. Сөйтіп, кәсіподақтардың ішінде монополизм тудырды.

Қазақстан кәсіподақтарының Параментке өз өкілдерін ұсыну құқы жоқ. Яғни, жұмысшы құқын жаңа заңдардың ескермей кетуі заңдылық болып отыр. Тіпті жаңа заң қабылдар алдында кәсіподақтың пікірін тыңдау, ескеру деген міндеттемелер де жоқ. Иә, дамыған елдерде кәсіподақпен тығыз жұмыс істеу, оның ұстанымымен есептесу ғасырлар бойы қалыптасқан дүние. Қазақстанда жұмысшылар ереуіліне қатысқан кәсіподақ мүшелері жауапқа тартылуы әбден мүмкін. Ондай жағдайлар болды да. Міне сондықтан да ЕХҰ, Еңбектің Халықаралық Ұйымы Қазақстанды арнайы параграфқа салып қойды. Ал, бұл ұйымның Евроодақ Парламентінде ұстанымы мықты есенін ескеретін болсақ, ертең елімізге қажет біраз жеңілдіктер мен преференциялар алуға кедергі болуы мүмкін. Оның ұшқыны алыстағы Америкаға да жетуі ғажап емес. Ал ол жердегі кәсіподақтардың мықтылығына сөз жоқ. Олар бұл праграфты қолға алса, бірнеше сала бойынша жеңілдіктерден айырыламыз. Ол жеңілдіктер миллиардтаған қаржы екенін ұмытпау керек. Тоқетерін айтқанда, кәсіподақ билікке қарсы шығуға үндейтін оппозиция емес. Оның міндеті - жұмысшылар құқын қорғау. Сол талаптар орындалып отырса, кәсіподақ та ел қатарлы жұмысын жүргізе береді.

Міне, сондықтан да Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіподақтары федерациясының 16-сьезінің делегаттарына жолдаған Үндеуінде «Кәсіподақтар – еңбек адамының құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі.... Сонымен қатар әділетті әлеуметтік мемлекет құру үшін кәсіподақ қызметінің нысандары мен әдістерін үнемі жетілдіріп, әлемде болып жатқан өзгерістерге орай, тиімді іс-қимыл стратегияларын әзірлеу қажет.Сондықтан Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестермен бірге еңбек қайшылықтарын реттеудің және қызметкерлердің заңды мүддесін қорғаудың өркениетті тәсілдерін белсенді пайдалануы керек» деп атап көрсетті. Ел Президентінің де айтып отырғаны сол – әлемде болып жатқан өзгерістерге орай, тиімді іс-қимыл стратегияларын әзірлеу мәселесі. Сол тиімді стратегия - заман талабына сай жаңа заң қабылдау болса керек.

С. Ақынжанов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста