Кәсіподақтар әлі де болса, жұмыстарын жандандыруы тиіс

Кәсіподақтар әлі де болса, жұмыстарын жандандыруы тиіс

Кәсіподақ –  қызметкерлерді біріктіретін және олардың әлеуметтік-экономикалық құқтары мен мүдделерін қорғайтын, қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделеріне қарай ұйымдасқан азаматтардың ерікті қоғамдық ұйымы. Кәсіподақ – еңбек қатынастарында туындаған әртүрлі мәселелерді шешу мақсатында құрылған қоғамдық қауымдастық. Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбекке байланысты арақатынасын реттейтін заңды және тәуелсіз өкілі.

 

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, алғашқы кәсіподақ ұйымдары XXVIII ғасырда АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде пайда болған екен. Ал Қазақстанда кәсіподақ ұйымдары өткен ғасырдың басында пайда болды деседі. Және оны патшалық Ресейде 1905 – 1907 жылдардағы төңкерістен кейін пайда болған кәсіподақ ұйымдарымен байланыстырады.

 

Алайда, сарапшы мамандар Қазақстанда кәсіподақ ұйымдарының пайда болуы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 50-60 жылдарда қазақ жерінде зауыттар мен фабрикалардың құрылып, жұмыс істей бастаған кезеңімен байланысты деген пікірде. Ал, тәуелсіз Қазақстандағы тәуелсіз кәсіподақ ұйымдарының жұмысы егемендік алған алғашқы жылдардан бастау алды. Әрине, нарықтық экономикаға көшкен тұста, басқа да салалар секілді,  кәсіподақ ұйымдары да талай қиыншылықтарға тап болды. Шектеу шаралары жүргізілді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру құқықтарынан айырылды. Десе де, кәсіподақ ұйымдары еңбекшілердің құқығын қорғау жұмыстарын тоқтатқан емес.

 

Егеменді Қазақстанда кәсіподақтардың құқықтық жағдайы Конституциямен, Еңбек туралы заңдармен,  кодекстермен айқындалады. Ал кәсіподақтар қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын және халықаралық актілер мен келісімдерді негізге ала отырып, өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес жүзеге асырылады. 2014 жылы «Кәсіподақтар туралы» заң қабылданды. Аталмыш заң еңбек ұжымы мен басшылар арасында дауларды болдырмауға бағытталған негізгі құжат болып табылады.

 

Кәсіподақ өз мүшелерінің жұмыс берушімен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін қорғайды және жекелей және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі. Сонымен қоса, кәсіподақ өз мүшелерінің құқықтық мәртебесін қорғай отырып, тұлғаның кәсіби тұрғыда қалыптасуын өз міндетіне алады. Кәсіподақтың негізгі міндеті – қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оларға материалдық және басқа да қаржылық көмек көрсету.

 

Кәсіподақ ұйымына мүше болу әрбір қызметкердің өз еркінде. Және ол қиын да емес. Жұмыс орыныңыздағы бастауыш кәсіподақ ұйымына кәсіподаққа мүшелікке қабылдау және мүшелік кәсіподақ жарнасын ұстау туралы өтініш жазсаңыз болғаны. Өтініш қанағаттандырылған соң қолыңызға кәсіподақ билеті табысталады. Бүгінгі таңда елімізде 2 миллионнан аса адам кәсіподақ ұйымдарына мүше.

 

Десе де, базбір сарапшылар бүгінгі таңдағы кәсіподақ ұйымдарының пәрменділігі төмен деген пікірде. Олардың пайымдауынша, оның басты себебі кәсіподақ ұйымы төрағасының еңбек ұжымы басшылығының ығына жүруінде, сонымен қатар кәсіподақ ұйымы басшысының біліктілігінің төмендігінде болып отыр. Мамандардың пікірінеше, кәсіподақ ұйымының басшысы еңбек заңдары мен еңбек кодексін бес саусағындай білуі шарт. Ондай болмаған жағдайда, ол қызметкерлердің құқығын қорғауға қауқарсыз.

 

Өткенге көз жіберсек, Кеңес үкіметі тұсында жұмысшылардың 95 пайызы кәсіподақ ұйымдарына мүше болған екен. Ал бүгінгі таңда елімізде жұмыс істейтіндер саны 8 миллионнан асса, соның 2 миллионнан астамы ғана кәсіподақ ұйымдарына мүше көрінеді. Сарапшы мамандардың пікірінше, бұл әлі де болса кәсіподақ ұйымдарының беделі төмен екенін, жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдарына деген сенімсіздігін көрсететіп отыр.

 

Статистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, бүгінгі таңда еңбек даулары 2,5 есеге дейін азайған, жұмыс жағдайында немесе өндірісте жарақат алғандар саны да біршама кеміген. Әрине бұл кәсіподақ ұйымдары жұмысының бір көрсеткіші деуге болады. Десе де, жұмысшылардың сеніміне кіру үшін кәсіподақ ұйымдары өздеріне жүктелген міндетті тиісті деңгейде атқарып, жұмысшылардың сенімін арттыру үшін, әлі де болса, біршама тер төгуі қажет-ақ.

 

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста