Күйші ауылдың кірісі қомақты

Күйші ауылдың кірісі қомақты

Соңғы жылдары оңтүстіктің экономикалық қуаты арта түсуде. Облыс орталығындағы индустриялық аймаққа балама әр аудан, қалаларда жаңа кәсіпкерлік нысандар ашыла бастады. Жуырда Созақ ауданында бірнеше нысан ашылып, халық игілігіне берілді. Бүгінде өңір басшысының тапсырмасына орай индустриялық аймақтардың жұмысы онан ары қарқын ала түсуде. Солардың бірі Шолаққорғаннан 4 шақырым қашықтықта орналасқан UKO Star жауапкершілігі шектеулі серіктестігі-тұғын.

Әліпбек ӨСЕРБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіптік-инновациялық даму басқармасының басшысы:
– Өз кәсібін ашамын деген азаматтар­ға мемлекет тарапынан көп көмек көрсе­тілуде. Кәсіпкер өз зауытын ашқанымен, су, электр, жылу жағынан қиындықтарға тап болатын еді. Биыл инфрақұрылымды жетілдіруге облыстық бюджеттен 426 миллион теңге қарастырылды. Әрі кәсіп­керлік салаға 90-нан астам грант бөлінді. Қайтарымсыз несие алуға да болады. Егер біз алуан түрлі өнім шығаратын бол­сақ, экономикамыздың өсімі де жақсара түсер еді. Бұл зауыт – өңіріміздегі индус­трияландыру картасы бойынша ашылған 74-кәсіпорын. Ол осында орналас­қан «ҚазАтомӨнеркәсіп» ком­паниясына қажетті металл ыдыстарды шығарады. Демек, уран тасымалдауға қажетті бөшкені енді алыстан тасымал­дауға қажеттілік жоқ.

Бүгінгі таңда теріскей ауданның ғана емес, республикадағы ірі уран өндірісінің орталығы саналған «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясына қажетті, уран сақтауға, тасымалдауға арналған салмағы 30 келіден асатын 200 литрлік металл бөшкелерді шығарумен айналысатын жаңа зауыттың жұмысы қыз-қыз қайнап жатыр.
Асылбек КӨГЕНБАВ, UKO Star жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы:
– Бұл жоба 2012 жылдың наурыз айын­да қолға алынған. Оған 315 мил­лион теңге жұмсалып, жылына 40 000 бөшке шыға­рылуда. Мұндағы орташа жалақы – 52 600 теңге. Бүгінде 40-тан астам адам жұмыспен қамтылған. Бола­шақта 3 гектар аумақта орналасқан кәсіпорынның өндіріс көлемі ұлғайса, ауылдың 100-ден астам тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етуге болады.

Абай елді мекенінде облыстық бюджет қаржысына салынған медициналық бекеттің құрылысымен таныстық. Келіншек тау етегіндегі шағын ауылда тұрғындар ескі медпункт қызметіне жүгініп келген болса, бүгін мұнда су жаңа он шақты бөлмелі ем қабылдау орталығы халық игілігіне берілді. 2009 жылы қазан айында қолға алынған нысанның құрылысы биыл аяқталыпты. Мұнда бір фельдшер жұмыс істейді.
Қани ӘЛЖАНОВА 92 жастағы қарт:
– Міне, жолымыз да жөнделіп, аудан орта­лығы мен қалаға кедергісіз бара алатын болдық. Жаңа медициналық бекетке білікті мамандар алдыру керек. Себебі ауылға келген жастар мұнда көп тұрақтамайды. Кейде кадр жетіспей қалады. Басшылар осыны ескерсе деген тілек бар. Екіншісі, мек­теп ескірген, оны да жаңарту керек.

Созақ ауылдық округінде жаңадан ашылған 400 орындық клубтың жұмысымен таныстық. Аудандық бюджет қаржысына бой көтерген нысан құрылысы 2012 жылы басталған. Жалпы, 266 миллион теңге жұм­салған жобаны облыстық «Құрылыс­кон­салтинг» ҰО» АҚ жасап шыққан. Ал мер­дігер – «Областной штаб ССО» ЖШС. Жо­ба­ның басшысы Нұрлан Тыңғозиевтің айтуынша, ауылдық клуб желтоқсан айында пайда­лануға берілмек.
Шолаққорғаннан 185 шақырымда орналасқан Тасты ауылында Абай атындағы 300 орындық мектептің ашылу салтанаты өтті. Облыстық бюджеттен 422 мил­лион 906 мың теңге қаржы жұмсалған нысанның құрылысы 2012 жылы басталып, биыл қазан айында пайдалануға берілген. «Жаңа Арна-2002» ЖШС мердігерлік еткен нысан заманауи құрал-жабдықтар­мен жабдықталған. Бастысы, ауыл тұр­ғындары­ның қуанышында шек жоқ. Мердігер ком­панияның басшысы Балғын­бай Өтегеновтің айтуынша, теріскейдің тосын табиғатына сай жылу жүйесі де жан-жақты қарас­тырылған. Бесжылдық келісімшарт негізін­де құрылыстың сапасына кепілдік бере­тіндігін айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста