Мәжіліс депутаты Перуашев жер қойнауын пайдаланудағы пара беру мен жемқорлық жайында мәлімдеме жасады

Мәжіліс депутаты Перуашев жер қойнауын пайдаланудағы пара беру мен жемқорлық жайында мәлімдеме жасады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында пара беру мен корпоративтік жемқорлық жайлы мәлімдеме жасады.

Парламенттің төменгі палатасында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілетін түзетулер талқыланды.

 «Ең алдымен жергілікті қамту мәселелері бойынша осы заң жобасына сұрақтар бар. Аталмыш заң жобасында ресми түрде жарияланған ашықтық, айқындық және бәсекеге қабілеттілік мәлімдемелерінің бәріне бірқатар наразылық пен күмән туындап отыр. Мысалы, қазақстандық қамту жайлы ақпаратты құпия мәліметтер қатарына жатқызу ұсынылуда. Не себепті? 2002 жылдан бастап кен өндіруші компаниялардың ашықтығы туралы бастама болды - Қазақстан 2005 жылдан бастап осы бастамаға қосылды. Шетелдік және біздің жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті жабдықтарды, тауарларды сатып алу талаптарын қаншалықты орындайтынын қоғам білуге толық құқылы, жергілікті қызметкерлер жұмысқа қабылдана ма?», - деп атап өтті Азат Перуашев.

Депутат елдегі кез-келген ірі жер қойнауын пайдаланушылар төңірегінде сырттан ешкімді жолатпайтын, жабдықтаушылар мен мердігерлердің дәстүрлі пулы қалыптасқандығы туралы айтты. «Онда пара беру орын алады, корпоративтік жемқорлық та орын алады, ол туралы да айту керек. Онда қарапайым бәсекелестікті шектеу және аффилирлену орын алуда.

Егер біз қазір, осы мәселелерді реттеу функцияларын қандай да бір қауымдастыққа бағыттасақ, онда дәл осы жерде айтамын бұл - корпоративтік жемқорлықты заңдастыру», - деді мәжілісмен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста