«Мейірімді жүрек» бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады
Қала басшысы Ғабидолла Əбдірахымовтың ұсынысымен мұнан бұрын Жаңа жылдық безендіруге бөлінген «80 миллион теңгенің» жұмсалу мақсаты мәслихатта қайта қаралып, аталған қаржы 5918 жетім жəне əлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына бір реттік көмек көрсетуге бағытталатын болатын. Аталған қайырымдылық шарасы аясында 20 желтоқсан сағат 11:30 да облыс әкімдігінің "Көрме" орталығында «Мейірімді жүрек» қамқорлық жәрмеңкесі өтті.
Жартылай жетім, тұл жетім балалар мен көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларына көмектесуді мақсат еткен іс-шара барасында жалпы 5918 аз қамтылған, жартылай және тұл жетім балаларға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл реткі қайрымдылық жәрмеңкесіне өңіріміздің отандық киім тігу өндірісімен айналысатын кәсіпорындары қатысып, өз өнімдерін барынша жеңілдікпен сатты. Бұл, біріншіден, Елбасының өз Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес Отандық өнімдерді қолдау болса, екіншіден, кәсіпкерлердің жергілікті жердегі тұрыдарға деген көмегі деуге болады.
Жалпы саны 5144 балаға 10000 теңге көлемінде ал, тұл жетім 774 бүлдіршінге- 39640 теңге қаржы бөлініп, оларға да бір реттік көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасының 1850 жасөскіні (Абай ауданы бойынша – 439 бала, Әл Фараби ауданы бойынша – 356 бала, Еңбекші ауданы бойынша – 509 бала, Қаратау ауданы бойынша – 546 бала) бүгінгі қамқорлық жәрмеңкесіне өз ата-аналарымен қатасып, қажетті киім-кешек сатып алды.
Яғни, қалалық білім бөліміне қарасты барлық білім ұяларында тіркеуде тұрған әлеуметтік аз қамтылатын отбасылардан шыққан оқушылардың тізімі жасақталды. Айта кету керек, жас бүлдіршіндерге жылулық сыйлауға бөлінген қаржы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жеке есеп шоттарына аударылып, өз игіліктеріне жаратылады. Ал, оның орындалуы әкімдік тарапынан қатаң қадағаланады.
Осылайша, қала әкімдігі жаңа жыл қарсаңында «Мейірімді жүрек» қайырымдылық жәрмеңкесі арқылы әлеуметтік аз қамтылатын балаларды қысқы киім-кешектермен қамтамасыз етіп, жасөскіндерді Жаңа жылдық мереке шаттығына бөледі.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.