Облыс әкімі спортшыны жеңісімен құттықтады
9 тамыз күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ауыр атлетика бойынша 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы облысының спортшысы Карина Горичева қоссайыс қорытындысында 243 келі салмақты бағындырып, қола медаль иеленді. Сол күні Алматы облысы спортшысы Қазақстан қоржынына төртінші медальді салған болатын!
Алматы облысынан шыққан спортшыны осы жеңісімен аймақ басшысы Амандық Баталов құттықтап, арнайы жеделхат жолдады.
«Барша қазақстандықтармен бірге жетісулықтар да сіздің шаршы алаңға шыққан сәттеріңізді қалт жібермей, қадағалап отырды. Біздің үмітіміз ақталды, қазақстандық ауыр атлеттердің әлемнің ең үздік спортшылары қатарын¬да екенін дәлелдеп, жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, еліміздің абыройын асқақтаттыңыз. Бұл жеңіс – күн сайынғы жаттығуда төгілген тердің, жаттықтыру¬шылардың табанды еңбегінің өтеуі, жалынды жігер мен қайсар мінездің, жанкүйерлердің қызу қолдауының нәтижесі. Бұл жеңіс сіздің спорттық сапарыңыздағы толайым табыстардың басы ғана деп білеміз», – делінген жеделхатта.
Сонымен қатар облыс басшысы А. Баталов ауыр атлеттер командасына және басқада спортшыларға Олимпиададағы жеңісті жолдың жалғаса беруіне тілектестігін білдірді.