Өңірлік университеттерді дамыту қолға алынды

Өңірлік университеттерді дамыту қолға алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі өңірлерді дамытуға айрықша назар аудару керектігін үкіметке тапсырып, оған жіті мән беріп отырғаны белгілі. Былтыр Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында да «Еліміздің өркендеуі өңірлердің дамуына тікелей байланысты. Қазір Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Әлеуметтік, экономикалық және демографиялық ахуал мүлде басқа. 2019 жылғы Жолдауда айтқан «Қуатты өңірлер, қуатты ел» деген ұстанымым – күні бүгінге дейін әлі өзекті мәселе», – деп бас айтқан болатын.

Ал өңірлерді дамытудың басты тетігі сол аймақтың әртүрлі ерекшелігін жетік білетін мықты мамандардың болуы екені бесенеден белгілі. Сондықтан білімді маман даярлау үшін өңірлік жоғары оқу орындарын дамыту кезек күттірмес мәселе екені айдан анық. Кез келген аймақты дамытудың негізгі элементі – онда бірінші дәрежелі, оның ішінде басқа аймақтардан жастарды тартатын университеттің болуы. Өңірлердің инновациялық дамуының генераторы, базалық элементі және аумақтық біліктілік орталығы сол өңірдегі университеттер. Бұл білім экономикасын дамытудың негізгі құралы деуге болады.

Елімізде осы бағыттағы жұмыстар жанданып Ғылым және жоғары білім министрлігі өңірлердегі ЖОО-лардың әлеуетін арттыра түсуге басымдық бере бастады. Еліміздегі өңірлерді дамытудағы университеттердің рөлін күшейту университеттің аумаққа әсер ету бағыттарын анықтау, сондай-ақ аймақтық даму үшін осы әсердің нәтижелері қаншалықты тиімді екенін бағалау үшін соңғы айларда үздіксіз зерттеулер жүргізілді. Сала министрі Саясат Нұрбек облыстардағы жоғары оқу орындарын аралап, барлық жағдаймен жіті танысып, аймақтардағы оқытушылармен,  ғалымдарымен түрлі кездесулер өткізіп, талқылаулар, сараптаулар жасады. Орталықтағы білім мекемемелері заман талабына сай, инфроқұрылымы жақсы болғанымен, облыстағы ЖОО-ларға кей жағдайда жеткілікті көңіл бөлінбей қалатыны жасырын емес.

Кез келген мемлекеттің экономикасының жаһандық ауқымдағы рөлі, оның бәсекеге қабілеттілігі көбінесе елдің білім беру жүйесінің тиімділігімен анықталады. Инновациялық экономика жағдайында табиғи ресурстар мен арзан жұмыс күшін алмастыратын жаңа ресурс – білім қалыптасуда. Бүгінгі таңда Қазақстанда зияткерлік әлеуеттің негізгі үлесі қызметтің әртүрлі салаларында білім алуды, дамытуды қамтамасыз ететін ғылымның университеттік секторында шоғырланған.

Еліміздегі жоғары білімнің деңгейі әлемдік үрдістерге сәйкес дамып келеді.  Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа оқу орындары пайда болып, университеттердің саны өсе бастады.  Түлектердің сапасына қарап университеттердің ғылыми-техникалық деңгейін бағамдауға болады. Қазіргі уақытта заманауи жоғары технологиялар негізінде өнім ойлап табуға, жасауға және шығаруға дайын жаңа деңгейдегі мамандар ауадай қажет. Заманның беталысы мен даму бағыты күн сайын құбылған мына заманда мамандықтардың өзгеруі жиі болатыны белгілі. Бір мамандыққа сұраныс артса, кейбір мамандықтардың қажеттілігі азайып отырады, сонымен қатар жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан қоғамдағы сұраныс пен қажеттілік үнемі сарапталып, талқыланып білім саласы соған сай дамиды.

Сондықтан біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды даярлау, басым бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту басты назарда. Осы орайда, енді ғылым және жоғары білім саласындағы жұмыстың ұйымдастырылуы мен қаржыландырылуы 2025 жылға дейінгі халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасына «Мамандығым – Болашағым» жобасы бойынша еніп отырғанын айта кеткен жөн.

 Ғылым және жоғары білім министрі қазіргі таңда ғылымды тек университетте ғана дамытуды көздемей, оны жергілікті жердің экономикасымен тығыз байланыстырып, сұранысқа сай жұмыс істеу маңызды екеніне бас мән беруде. Өңірлік жоғары оқу орындарының осы бағыттағы мүмкіндіктерін дамыту жалғаса бермек. Білім және ғылым саласының қаржылық, кадрлық және басқа да кезек күттірмей шешілуі тиіс түйткілді мәселелері де баршылық.  Осы орайда министр ғылымды дамытудың ең тиімді жолын баса айтуда. Ол тек қана мемлекетпен емес, жеке секторлармен, сондай-ақ ірі бизнеспен де тығыз ынтымақтастық орнататын ғылымның ашық моделі.

Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрілігі жоғары білім беру жүйесін цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруда. Бұл уақыттың талабы. Сондықтан министрлік барлық ЖОО-лармен біріге отырып деректерді бірыңғай форматта жинақтауға болатын цифрлық экожүйені қалыптастыруға күш салуда.

Министрлік шетелдік серіктестермен тығыз қарым-қатынас орнату жолында да бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Ондағы мақсат студент жастардың әлемнің озық университеттерінің онлайн курстарына қатысуға жол ашу.

Аз ғана уақыттың ішінде ғылым мен білім саласындағы атқарылған жұмыстар баршылық. Жасалып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесін көріп, болашақтың еншісінде.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста