ОҚО-дағы ауылдарда көпқабатты тұрғын үйлер салынады
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында құрылыс жұмыстары қызған. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша тау бөктеріне 96 пәтерлі алғашқы екі үй тұрғызылды.
Болашақта осы маңнан тағы 5 көпқабатты тұрғын үй бой түзейді. Күре жолдың бойына жақын орналасқан шағын ауданда 600 орындық жаңа мектеп пен 200-ден астам бүлдіршін қабылдайтын балабақша да пайдалануға берілген. Бас жоспарға сәйкес келешекте халық саны тығыз орналасқан ауылдарда да көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ. Елдос Шолпан, Түлкібас аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары: - Бас жоспарға сәйкес халық саны 5 мыңнан асатын 4 елді мекен бар, олар: осы аудан орталығы Тұрар Рысқұлов, Түлкібас, Састөбе және Балықты. Халық саны көп жерлерге осындай көпқабатты тұрғын үйлерді көбірек салып, кезекте тұрған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, осы мәселені шешуге жұмыс жасап жатырмыз.