Ота жасалған адамдардың жүрегінен микропластик табылды
Ғалымдар жүрегіне ота жасалған пациенттердің жүрек тіндерінен микропластик тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы islam.kz тілшісі ACS Environmental Science & Technology мерзімді басылымына сілтеме жасап жазды.
Микропластик ені мен ұзындығы бес миллимтерден аспайтын пластиктің жұрнақтары. Олар адам организіміне ауыз бен мұрын қуысы арықылы енеді. Тыныс алғанда, ас-су ішіп ауқаттанғанда.
Микропластиктің адам өкпесінен, қанынан, тіпті, миынан табылғаны турасында кезінде хабарлағанбыз, алайда, оның адамның жүрек-қан тамыр жүйесінен табылғаны туралы дерек енді белгілі болып отыр.
Бұл бағыттағы тәжірибе барысында ғалымдар жүрекке операция кезінде 15 адамнан жүрек тінінің үлгілерін, сондай-ақ, зерттеуге қатысушылардың жартысынан операцияға дейін және одан кейінгі қан үлгілерін жинады.
Бұл үлгілер полиэтилентерефталатты, поливинилхлоридті және полиметилметакрилатты қоса алғанда пластиктің сегіз түрінен мөлшері 20-дан 500 микрометрге дейінгі бөлшектерді анықтайтын тікелей инфрақызыл лазерлік бейнелеуді қолдану арқылы талдаудан және сараптамадан өткізілді.
Көптеген ұлпа үлгілерінде микропластикалық бөлшектердің саны мыңнан ондаған мыңға дейін жеткен.
Барлық қан үлгілерінде де пластикалық бөлшектер болған, алайда, операциядан кейін олардың орташа мөлшері азайып, пластмасса түрлерінің саны көбейген.
Осылайша, инвазивті процедуралардың қанға және ішкі тіндерге тікелей пластиктің енуіне ықпал ететін қатері ескерілмей келеді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz