Қарағанды облысында балаларға лық толы кафеге джип кіріп кетті
Полицияда атап өткендей, жүргізуші көлігін басқара аламай, 6 жасал баланы қағып, дәмхананың есігіне кіріп кетеді
Қарағанды облысының Абай қаласында автокөлік баланы қағып, дәмханаға кіріп кетеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Кудияров. "Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автокөлік жүргізушісі көлікті басқара алмай 2011 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып, одан кейін дәмханаға кіріп кеткен", — деп ақпараттандырды Кудияров. Жүргізушіге қатысты "ешқайда кетпеу туралы" бұлтартпау шарасы қабылданды. Өңірлік "Новвый вестник" порталына көзбен көрушілер хабарлағандай, жол апаты кезінде дәмханада бала көп болған. Ол жерден баланың туған күнін атап өтіп жатқан. Сондай-ақ көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда көлік жүргізушісі мас болған. Полицияның мәліметтеріне сәйкес, жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Әлеуметтік желіде Абайда болған видео жарияланды. "Бүгін Абайда "Бомонд" мейрамханасы маңында мас автокөлік жүргізушісі бүлдіршінді қағып кетті", — деп жазылған Instagram пабликлындағы видеода.