Қарағанды облысында жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды

Қарағанды облысында жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылды

Қарағанды облысы Бұхар Жырау ауданы Петровка ауылында дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бұл - «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және поликлиникалар» жобасы мен «Еңбекпен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларын жүзеге асыруда жасалған тағы бір қадам. Жергілікті билік Президент тапсырмасын орындау үшін қажетті шаралардың барлығын жасап жатыр», - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысына 113,3 млн. теңге жұмсалды. Қаражат республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген.
Бір қабатты ғимаратта 39 бөлме бар. Амбулатория керекті медициналық қондырғылармен жарақтандырылып, санитарлық стандарттарға сай салынған. Мұнда 2439 адамға, соның ішінде 797 балаға қызмет көрсетіледі.

2016 жылы Қарағанды облысы бойынша 27 ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталады. Оның төртеуі іске қосылды. Олар: Абай, Нұра, Бұхар Жырау аудандарындағы елді мекендерде орналасқан.

«Қалған емдеу мекемелері салынып жатыр. Барлығында құрылыс жұмыстары шамамен 90-95% аяқталған», - деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

www.inform.kz/kaz/article/2917459 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста