«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «ASAR» үшжақты ынтымақтастық форумы тың серпін береді
Үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және мемлекеттің ынтымақтастығының дамуына жаңа серпін беріп, ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқылайтын «ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастық форумы енді жыл сайын республиканың түрлі өңірлерінде өткізіледі. Сонымен қатар "ASAR" үшжақты серіктестік форумы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының құрамдас бөлігі бола отырып, жыл сайын ҮЕҰ, бизнес пен мемлекет арасындағы диалог алаңына айналатын болады. Бұл жолы Атырауда өтіп жатыр. Форум қорытындысы бойынша қатысушылар үшжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау туралы қарар қабылдайды.
«ҮЕҰ-бизнес-мемлекет: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «ASAR» форумы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізіліп отырғанын айтып өтті.
«Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген ойды айта отырып, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Осыған орай, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруда. Бүгінгі іс-шара осы бағдарламасының аясында өткізілуде», – деді Нұрлан Ермекбаев.
Атап айтқанда, қарар ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттің ынтымақтастық жүйесін жетілдіруге, бизнесті әлеуметтік салаға кеңінен тартудың тетіктері мен құралдарын жетілдіруге, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, бастамашыл азаматтардың әлеуетін пайдалануды жандандыруға бағытталады.
Бүгін еліміздің әр түрлі өңірлерінен жиналған үкіметтік емес ұйымдар үшін мастер-класстар өтуде. Шеберлік сабақтарын танымал жаттықтырушылар Эмин Аскеров, Анна Таджимуратова, Асқар Секербаев, Алмагүл Қанағатова, Абай Мырхин, Шолпан Айтенова және т.б. өткізуде.
ҮЕҰ өкілдерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, краудфандинг (қаражат тарту) негіздерін үйрету және жергілікті өзін-өзі басқаруға өту шартында бизнес пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимыл тәжірибесін жолға қою мақсатында барлығы 8 шеберлік-класы ұйымдастырылды.
«ASAR» форумына республиканың барлық өңірлерінен 200-ден аса бизнес пен азаматтық сектор өкілдері қатысты. Форумды ұйымдастырушылар ҚР Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі, "Атамекен" ұлттық кəсіпкерлер палатасы, Атырау облысының əкімдігі. «Chevron», «Tengizchevroil», «Raimbek Group» компаниялары. Сонымен бірге Қазақстан жастары Конгресі, "Жастар таңдауы-Атырау" ҚҰ, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес ұйымы да форум серіктестері қатарында.
Жиын барысында министр «ASAR» диалогтық алаңын өткізу мемлекет, ҮЕҰ мен бизнестің үшжақты ынтымақтастығын дамыту бойынша жүйелі жұмысты құруға мүмкіндік береді деп атап өтті. Алаң тұрақты серіктестіктің іргетасын қалап, әлеуметтік мәселелерді шешуге азаматтық қоғамды белсендірудің серпілісін күшейтеді.
Тағы бір айтып өтер жайт қоғамның әлеуметтік мәселелерін айқындау мен шешуіне бірлесе отырып қатысу арқылы бизнес және коммерциялық емес ұйымдардың өзара әрекеттесуін күшейту мақсатында «Асар» үш жақты серіктестік форумы аясындағы Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі жарияланған болатын. Жәрмеңкені Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Азаматтық бастамаладры қолдау орталығы» КЕАҚ бірлесіп ұйымдастырған. Жәрмеңкеге қатысуға ҮЕҰ мен Қазақстан кәсіпкерлері шақырылады.
Жәрмеңке ҮЕҰ мен кәсіпкерлер арасында жаңа серіктестіктер құру үшін жағдай жасайды, бірақ нәтижесінде қандай да жобалардың қаржыландырылуына кепілдік бермейді.
Сонымен қатар «ҮЕҰ – бизнес – мемлекет: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» «ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының Қарарын да жариялады.
Қарардың жалпы нұсқасын да оқырман назарына ұсына кетуді жөн көріп отырмыз. «Біз, 2017 жылғы 30-31 қазанда Атырау қаласында өткен «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде «ҮЕҰ – бизнес – мемлекет: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» атты «ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының қатысушылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнестің және мемлекеттің үшжақты ынтымақтастығының дамудағы бүгінгі жағдайдағы маңызды мәселелері мен жаңа көкжиектерін қарастырып, шештік:
Үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және мемлекеттің ынтымақтастығының дамуына жаңа серпін беретін, бүгінгі ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланған Форум қатысушыларының маңызды рөлін мойындау.
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бастамасымен, «Атамекен» ҰКП және Атырау облысы әкімдігінің қолғабыс етуімен өткізілген «ҮЕҰ – бизнес – мемлекет: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» «ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының сәтті тәжірибесін атап өту.
Ел азаматтарының өмір сапасын, ауқаттылығын жақсарту мақсатында үшжақты ынтымақтастықты ары қарай дамуға қолайлы жағдай жасауға ат салысу:
Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін енгізу арқылы ҮЕҰ, бизнес және мемлекет ынтымақтастық жүйесін жетілдіру.
«Әлеуметтік бастамалар картасы - Карты социальных инициатив» тетіктерінің өзектілігі мен маңыздылығын мойындау және оларды үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың және мемлекеттік органдардың кіші отанның өзекті мәселелерін шешу кезінде пайдалануын және азаматтарды белсенді тартуды жандандыру.
Халық арасында қоғамның өміріне ортақтастық, тілектестік және әлеуметтік жауапкершілік сияқты ортақ сезімдерін өзектендіру мақсатында әлеуметтік салаға бизнесті кеңінен тарту құралдары мен тетіктерін жетілдіру.
Келісім аясында үшжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ортақ қызметті жалғастыру.
Үшжақты ынтымақтастық саласындағы мәселелерге қосымша зияткерлік, ұйымдастырушылық ресурстарды тарту мақсатында қоғамдық ұйымдардың, сарапшылардың, белсенді азаматтардың әлеуетін пайдалануды белсендендіру.
Тұрақты негізде жыл сайын мемлекеттік органдарға диалогтық алаңдарда ҮЕҰ, бизнес және мемлекет үшжақты ынтымақтастық мәселелерін қарастыруға ұсыныс жасау.
Өзара әрекеттестіктің үздік тәжірибелерін тарату және зерделеу мақсатында орталық мемлекеттік органдарға, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес ұйымдарға үшжақты ынтымақтастық тәжірибесін жүйелендіру дағдысын енгізуді ұсыну.
Форумның өту барысындағы жәрмеңкеде ұсынылған әлеуметтік идеяларды және жобаларды жүзеге асыру үшін бизнес-құрылымдары өкілдерін тарту мәселелері бойынша жәрдемдесу.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында:
Үкіметтік емес ұйымдардың сарапшыларын жұмылдыру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері бойынша оқыту жұмыстарын ұйымдастыруды ұсыну.
Әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге бағытталған адамдардың бастамаларына, стандартты емес тәсілдеріне, шығармашылықтарына негізделген әлеуметтік кәсіпкерліктің үлгілері мен түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
Әлеуметтік кәсіпорындарды құру тетіктерін, әлеуметтік кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесін зерттеу жұмыстарын жалғастыру.
Ұйымдастырушылық, консультациялық жәрдемдесу (жобаларды, қаржыларды басқару, бизнес-жобаларды құру, бухгалтерлік есепті жүргізу және т.б.) және әлемдік үздік тәжірибелерді тарату мақсатыда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының функционалдығын кеңету мүмкіндігін қарастыру.
Кәсіпкерлерді өз еркімен әлеуметтік жауапкершілікке қатысуға ынталандыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарына үздік тәжірибелерді дәріптеу қажеттілігі туралы ұсыныстар жасау.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс жасау:
Нақты мақсаттағы топқа бағытталған практикалық нәтиже мен нақты әлеуметтік тиімділікті есепке алу мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру жобаларының тиімділігін мониторингтеу және бағалау жүйесін енгізуді қарастыру.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру жобаларының тақырыптарын қалыптастыру барысында тұрғындардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін есепке алу.
Қайырымдылықты институционалдық қамтамасыз ету мен оның мәдениетін дамыту бойынша ұсыныстар дайындау.
«Қазақстандағы қайырымдылық: жағдайы, болашағы және қоғамның дамуына әсері» атты зерттеу жұмысын жасау мүмкіндігін қарастыру.
«Парыз» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін» (КӘЖ және қайырымдылыққа қаржыларды бөлудің жүйелігіне мән беру), «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» жаңа номинацияларды жасау мүмкіндігін қарастыру.
ҮЕҰ, бизнес және мемлекет «ASAR» республикалық үшжақты ынтымақтастық форумын «өңірден өңірге» қағидаты бойынша жыл сайын өткізу практикасын енгізуге ұсыныс жасау.
ҮЕҰ, бизнес және мемлекет «ASAR» ІІ республикалық үшжақты ынтымақтастық форумын облысында өткізуге ұсыныс жасау.
Үшжақты ынтымақтастық форумының дамуы туралы азаматтарды хабардар ету деңгейін арттыруға арналған осы қарарды баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін жолдау.
Ұйымдастырушылық комитетке ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелерін «ҮЕҰ – бизнес – мемлекет: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» «ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының қызметі туралы хабардар ету бойынша шаралар қабылдау.
Осы қарарды «ҮЕҰ–бизнес–мемлекет: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері «ASAR» І республикалық үшжақты ынтымақтастық форумының барлық қатысушылары бір ауыздан қабылдады.
Таңат Жайлауов
Алаш айнасы