Шымкентте «SHYMKENT BIKE» велосипед жалға берілетін автоматты станса орнатылады
Шымкентте «Shymkent Bike» велосипед жалға берілетін автоматтандырылған стансалар жобасын жүзеге асырылады. Жобаның алғашқы сатысында «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен 200 велосипедті сатып алу және 40 стансаны орнату көзделген. Осыған ұқсас «Astana Bike» жобасы елорданың тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие. Өйткені қолданылуда тиімді, әрі бағасы да қолжетімді. Астанада қазірде 1000 велосипед және 150 станса бар. Қолданушылар саны 2 мыңнан асады. Ал Шымкентте ауа райының қолайлығына байланысты аталмыш жоба жыл бойы жүзеге асады.
Баспасөз мәслихатында және веложарыстың ашылу салтанатында Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, Қазақстан Велоспорт федерациясының вице-президенті, «Астана» президенттік кәсіби клубыныңатқарушы директоры Аманбек Кульчиков, олимпиада чемпионы және велоспорт әлемчемпионы, «Astana Women’s Team»әйелдер велокомандасының бас менеджері Зульфия Забирова және «Velocity» Қоғамдық қорының техникалық директоры Ерлан Жамалов қатысады.
Нұршат ТӨКЕН,
Шымкент.