Түркістан облысында 154 тұрғын үйлерінен эвакуацияланды

Түркістан облысында 154 тұрғын үйлерінен эвакуацияланды

Түркістан облысында су басқан аудандардан 154 адам эвакуацияланды. Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Мәлім етілгендей, Түркістан облысында министрліктің республикалық жедел штабы ұйымдастырылды. 300-ден астам адам, 50-ден астам техника, 25 мотопомпа суды сорып шығару және ағызу жұмыстарына жұмылдырылды. Өңірге министр Юрий Ильин ұшып шықпақ.

 

«Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен су басқан аула аумақтарынан 154 адам эвакуацияланды. Эвакуацияланған адамдар туыстарының үйлеріне кетті.

Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін Сауран ауданында 4 эвакуациялық пункт дайындалды.

Жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 2500 бірлік көлемінде құм салынған қаптар төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Майдантал ауылында каналдарды өткізу арқылы суды бұру және ағызу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аула учаскелерін су басу қаупі сейілді.

Облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесін су басып қалды.

Ордабасы ауданындағы «Найман» және «Құртай» суару каналдарында су деңгейінің көтерілуі тіркелді. Қазіргі уақытта суды Арыс өзеніне ағызу жұмыстары жүргізілуде.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын тоқтады, бірақ су ағыны жалғасуда», - делінген ТЖМ хабарламасында.

 

Тау беткейлерінен судың ағуы 3 ауданда тіркелді: Бәйдібек (Шаян, Таңатар, Ынтымақ, Ақбұлақ, Шақпақ, Бірлік, Мыңбұлақ, Қосбұлақ), Сауран (Бабайқорған, Абай, Үлгілі, Ораңғай, Майдантал, Шаға), Ордабасы (Шұбарсу, Бадам, Шұбар).

 

Қазір тасқын суы 17 елді мекенде көшелер мен үйлердің аулалары арқылы ағып жатыр. Алдын ала болжам бойынша су басқан жерлер: 1 жеке тұрғын үй, 15 көше, 201 аула аумағы (Бәйдібек - Ақбұлақ ауылы - 1 жеке тұрғын үй (су деңгейі 15 см), 7 көше және 77 аула аумағы, Ордабасы - 2 көше және 3 аула аумағы, Сауран - 6 көше және 121 аула аумағы) және Ордабасы ауданындағы мектеп аумағы (Исламқұлов атындағы мектеп).

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басып қалды. Өңірде жедел желі іске қосылды. Сауран ауданында мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті. Сондай-ақ осы ауданда 7 балабақша жұмысын тоқтатты.

 

Тасқын суы ағыны әлі келіп жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста