Тың міндет, тұғырлы мақсаттар

Тың міндет, тұғырлы мақсаттар

Оңтүстік өңірі үшін аса маңызды сала – агроөнеркәсіп. Облыс тұрғындарының басым бөлігі ауылда тұрады. Әрине, ауыл шаруашылығын дамытуды жаңа деңгейге көтеру, оның тиімділігін арттыру жөнінде атқарылған іс те, тындырылған тірлік те аз емес.
Кеше Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы сапармен келген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Бизнестің жол картасы-2020» бағ­­дарламасы аясында тірлігін өріс­­теткен «Мамлакат» ауыл шаруа­­­­­шылығы кооперативінің жұ­­­мы­­­­сы­мен танысып, Оңтүстік Қазақ­­­стан облысы қайта өңдеу са­ла­­­­сын дамыту үшін қолайлы өңір бо­­лып табылатынын баса айт­ты. Түркі­­стан қаласы, Шаға ауыл­дық окру­­гін­де орналасқан «Мам­лакат» коо­­­пе­­ра­тивінде бүгінде 170 гектар суар­­малы, 730 гектар жайы­лым­дық жер және 38 дана әртүр­лі ауыл шаруашылығы техни­ка­­лары, сондай-ақ, екі мал борда­қы­­­­­лау алаңы, мал сою бекеті, ет өң­­­деу және құрамажем дайындау цех­­­­тары мен сүт қабылдау беке­ті, вете­­­ри­­­­н­а­­рия­лық зертхана бар. Шаруа­­­­шы­­­лық осы жылы 30 ша­ғын мал бордақылау алаңдары мен 12 шағын отбасылық сүт фер­ма­лары­мен меморандумға қол қо­йып­ты. Осының арқасында биыл­ғы жыл­дың жеті айында 550 бас мал бор­­дақылап, 126,5 тонна ет өн­дір­ген.
Премьер-Министр осы шаруа­шылыққа өңірдегі кәсіпкерлердің басын қосып, ауылдық жерлердің тұр­ғындарын жұмыспен қамту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жеке қосалқы шаруа­шылықтың әлеуетін пайдалану және көлік-логистикалық орталықтарын дамыту мәселелерін қарады. Оңтүстік Қазақстан облысында 498,2 мың адам өздігі­нен жұ­­мыс­пен қамтылған жан­дарға жа­та­­ды. Облыстың мал шаруа­шы­­лы­­ғын дамытуға бағытталған 2014-2016 жылдарға арналған бағд­арла­масы туралы баяндаған Оңтүс­тік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов ауыл тұр­­ғын­­дарын жұ­мыспен қамту мәселе­сін елді мекендерде мал бор­да­қы­лау алаңдары мен сүт және ет қабыл­дау бекеттерін ашып, не болмаса, құс фер­маларын ашу сын­ды жоба­лар­дың есебінен шешу қажет­тігін атап өтті.
– Бүгінде аталған бағдарла­маның тиімділігіне ауыл xалқы көз жеткізе бас­тады, – дейді Б. Атамқұлов. – Мәселен соңғы үш жылда 10 мыңға жуық жоба іске асқан. Атап айтқанда, осы мерзім ішінде өңірімізде 8102 шағын мал бордақылау алаңы, 1768 шағын от­басылық сүт фермасы, 104 сүт қабылдау бекеті, сонымен бірге, 25 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Аталған жобалардың жүзеге асуына 12,2 млрд теңге жұмсалды.
Бүгінде ауыл шаруашылығы коопе­ративтерін дамыту үшін «Жұмыс­пен қамтудың жол картасы-2020» бағ­дарламасы аясында 11,5 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ, құрылатын ауыл шаруа­шылығы кооперативтерін қаржы­ландыруға «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаражаты есебінен 7,3 млрд теңге көлемін­де қаражат көзделіп отыр. Ауыл шаруа­шылығы министрі­нің бірін­ші орынбасары Қайрат Айтуғанов тек Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойын­ша жыл соңына дейін 26 сүт қабылдау пункті, 782-ге жуық отба­сы­лық бордақылау алаңын құру жос­парланғанын тілге тиек етті. Өз кезе­гінде, бұлар ауылдық округ­тер­дегі ауыл шаруа­шылығы коопе­ра­тив­теріне бірік­тірілетін болады.
Қазір Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік кешенінің негізі қаланып, соңғы үш жылда бордақылау алаңдары 8 мыңға, отбасылық сүт фермалары 2 мыңға жетіп, олардан 68 мың тонна сүт, 63 мың тонна ет өндірілді және де ең бастысы – 27 кооперация құрылып, 12 488 тұрақты жұмыс орны ашылды. Яғни, ауылдың әлеуметтік ахуалын түзеуге бағытталған бірден-бір тиімді жоба бүкіл Қазақстанға жол тартып отыр. Биылғы жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ел аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтар базасында ұсақ тауарлы өндірісті дамытуға 10,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қаржыландырылған өтінімдердің саны 4,4 мыңға жуық. Алдын ала болжам бойынша 2,5 жылда 190 мыңға жуық жеке қосалқы шаруашылықты қамтып, 67 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнының ашылуына септігін тигізуге тиіс.
Шынында, бұл жобалар оңтүс­тік өңірінде әлеуметтік, тұрмыстық мәсе­лелерді шешіп, жұмыссыздық тәріз­­ді қоғамдық дертті ауыздық­тауға мүмкіндік беретіні анық. Жиын барысында жергілікті кәсіп­кер­лер ауыл шаруашылығы саласына беріле­­тін несие­лердің көлемін әлі де ұлғайту, мал­­ды семіртіп борда­қылауда маңызды рөл атқара­тын құрамажемді субсидиялау туралы ой-пікірлерін айтты. Үкімет басшысы бұл ұсыныстарды ескеретінін және алдағы жылы бұл салаға көп қолдау болатынын жеткізді.
Ел егемендігімен етене болған Түркістан шаһарындағы Қ.А.Ясауи есімімен аталатын оқу орны бүгінде барша түркі жастарының ордасына айналды. Бұл іргелі оқу орнының ашылуы Тәуелсіздік тұсындағы биік белес еді. Премьер-Министр К.Мәсімовтің сапары шаттығы мен ырысы тасыған, қуаты мен жігері қайнаған осынау оқу ордасында жалғасын тауып, білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Университет ректоры Уәлихан Әбдібековтің айтуына қарағанда, бүгінде университетте әлемнің 18 елінен келген 28 түркі жұрағатының жастары білім алуда. Айта кетейік, бұл университет – Қазақстандағы ең алғашқы ашылған халықаралық жоғары оқу орны және түркі тілдес мемлекеттер арасында халықаралық мәртебеге ие болған жалғыз білім ошағы. Жалпы мұнда 52 мамандық бойынша 9 мыңға жуық студент қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алуда. Осы жиында алдағы жаңа оқу жылында білім саласына енгізілетін өзгерістер мен реформаларды кеңінен әңгіме еткен Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева жергілікті кәсіпкерлерді мемлекеттік-жеке­мен­шік әріптестікті нығайтуға шақырды. Бүгінде Түркістан ауданында 52 балабақша болса, оның 22-сі жекеменшіктің үлесінде. Әйтсе де әлі де 2 мыңға жуық бүлдір­шін балабақша кезегінде тұр.
Бұл күні Премьер-Министр К.Мәсімов Қ.А.Ясауи кесенесінде жер­гі­лік­ті зиялы қауым өкілдерімен және еңбек ардагерлерімен кездесті. Бұл жүз­десуде киелі қалада туризм­ді дамыту, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету, елді мекендерді газдандыру мәселесі әңгіме болды. Үкімет басшысы сапар барысында, сондай-ақ, еліміздің көлік инфрақұрылымының стратегиялық нысандарында және адамдар көп шоғыр­ланған жерлерде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және кү­шейту қажеттігі туралы тапсырмаға орай, мил­лион­ға жуық тұрғыны бар Шымкент қала­сындағы халықара­лық әуе­жайдың қауіпсіздік жүйесі­мен танысты.

Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста