Үндістандық монах қазақтарға ет жемеуге кеңес берді

Үндістандық монах қазақтарға ет жемеуге кеңес берді

Ақтөбеге үндістандық монах Бхакти Бхринга Говинда Свами Махарадж келді. Ол қазақ халқына ет жемеуге кеңес берді деп хабарлайды kerek-info.kz.

Үш күндік сапары барысында Бхакти адамдарды мантра медиацияға яғни, ақыл-ойды шоғырландыруға үйретті. Салауатты өмір салтын ұстанып, йогамен айналысатын діндар өзінің тамақтану құпиясымен бөлісті.

Монах тамақтану кезінде жануар етінен бас тартқан яғни, вегетариан болған жөн деп санайды.

"Онсыз да әлемде зорлық-зомбылық көп. Вегетериандық өмір салтын ұстанбайтындар жан-жануарларды союды қолдайды. Бүкіл әлемдік карма заңы бойынша, әр әрекеттің кері әсері болады. Адамдар осы әрекеттері арқылы зорлық-зомбылыққа үлес қосып отырмын деп түсінуі керек", - дейді монах.

Үнділік азамат майлы тағамдарды да құп көрмейді екен.

“Қазіргі таңда зиянды тағамдарды насихаттайтындар көп. Мен бала кезден тағам әзірлегенді жақсы көрем. Ас әзірлеп, Үндістанда мектеп оқушыларына таратуды ұйымдастырған едім. Ал өзімнің тамақтану режиміме келсем, мен тек жаңа дайындалған салаттарды ғана тұтынамын. Дәнді дақылдар мен қант жемеймін. Зиянды майларды да қолданбаймын. Өйткені, көптеген майлар адамды ақыры жоқ қылып тынады”-дейді ол.

Бхакти Бхринга Говинда Свами Махарадждың қазіргі тұрағы - Үндістан. Ал Қазақстанды “екінші үйім” деп санайды. Оның бұлай санайтындай жөні бар. Өйткені, Ақтөбенің өзінде оның ілімін ұстанатындардың саны 60-қа жеткен. Олардың арасында қазақтың қыз-жігіттері де аз емес.

Nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста