Жасөспірім қатерлі ісік жасушаларын іздеп табатын қарапайым технология ойлап тапты
Канадалық колледждің 12-сынып оқушысы Ариан Харшит (Суретте - ред.) қатерлі ісік шалған тін мен сау тінді ажыратуға мүмкіндік беретін, жарықты пайдаланатын технология ойлап тапқаны үшін Канаданың ғылыми жәрмеңкесінде күміс медал жеңіп алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы islam.kz тілшісі Sudbury.com ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
LightIR деп аталатын құрылғы обыр емінің тәсілін түбегейлі өзгертетін болып шықты.
«Операция қатерлі ісіктерді емдеудің негізгі әдістерінің бірі, десе де бұл процедуралардың маңызды бөлігі сәтсіз аяқталады, өйткені, хирургтар жаңа ісіктерге айналуы мүмкін қатерлі ісік жасушаларын тудыратын микроскопиялық іздерін бәрібір қалдырмай қоймайды, сондықтан, оларға қайтадан ота жасауына тура келеді. Бүгінде біз патологиялық зертханалар деп аталатын мекемелерде науқастардың бойында қатерлі ісік жасушаларының қалғанын немесе қалмағанын анықтаймыз, бұл шара микроскоппен науқастардан алынған тін үлгілерін талдауды қамтиды. Өкінішке қарай, бұл сынақтар бірнеше аптаға созылуы мүмкін, бұл аралықта организмде қалып қойған қатерлі ісіктің қалдығы көбейіп, науқасқаа қайта ота жасауға тура келеді», деп түсіндірді жас ғалым.
Міне, осында факторды ескерген Ариан Харшит бұл бағытта айтарлыққа жетістікке бастайтын өз технологиясын ойлап тапты.
Оқушының айтуынша, қатерлі ісік қалыптан тыс өсу тетігін іске қосу үшін қалыпты өсу деңгейінен айрықшаланатын бірқатар молекула бөледі. Түрлі молекула жарыққа түрліше жауап қатады (реакция танытады), сау тін мен обыр тіні де өздеріне тән оптикалық ерекшелікке ие, яғни, жарыққа түрліше шығылысады. Міне, бұл технология осындай ерекшелікті тануға негізделген.