Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері жоғары

Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері жоғары

Бүгінгі таңда еліміздің өңірлік саясаты ұлттық экономиканың маңызды экономикалық өсу нүктелері болып табылатын экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтитын ұтымды аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан Қазақстанда өңірлер ұқсас экономикалық, табиғи және әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларға негізделе отырып, төрт макроөңірге топтастырылған. Олар – Солтүстік, Орталық-Шығыс, Оңтүстік және Батыс макроөңірлері. Қазақстанның макроөңірлері әртүрлі әлеуетке ие және елдің экономикалық дамуына әртүрлі үлес қосуда. Бүгін біз Батыс макроөңірнің құрамындағы Ақтөбе облысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтпекпіз. Өйткені өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында дамыған. Осы екі өңір макроөңір үшін ішінара азық-түлік базасы болып табылады.
Ақтөбе агломерациясын құрудың және дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын іске асыру шеңберінде әртараптандырылған экономикасы бар халықаралық деңгейдегі қала ретінде Ақтөбе хаб-қаласын басым дамыту көзделуде. Перспективада Ақтөбе хаб-қаласының Ақтау теңіз портымен жылдамдығы жоғары көліктік қатынасы қамтамасыз етілетін болады. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік әлеуетін ескере отырып, Атырау мен Маңғыстау облыстарының импорттық өнімге тәуелділігін азайту мақсатында олардың төлем қабілетті тұтынушылық базасымен сапалы көліктік қатынасы қамтамасыз етілген. Ақтөбе хаб-қаласында экспорттық әлеуеті бар жоғары технологиялық өндірістерді орналастыру және сервистік көрсетілетін қызметтерді дамыту көзделген.
Бұның бәрін тізбектеп отырған себебіміз бүгінгі таңда да Ақтөбе облысы әлеуметтік экономикалық дамудың оң динамикасын сақтауда. Бұлай деуіміздің нақты негізі бар. Ақтөбе облысының әкімдігінде өткен жиында өңірдің осы жылғы тоғыз айының әлеуметтік экономикалық дамуының алдын-ала қорытындысы талқыланды. Ал, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаеваның айтуына қарағанда үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша әлеуметтік экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштерінде оң динамика күтілуде екен.
Аймақ экономикасының дамуы, өсімі туралы статистикалық мәліметтерге көз жүгіртіп көргенде, есептік кезеңнің ішінде өнеркәсіп өсімі 5,2% құрайды деп күтіліп отыр. Ал, қаңтар-қыркүйек айларының ішінде барлығы 1,3 трлн теңгеден астам сомаға өнім өндірілген. Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі болжам бойынша 167,6 млрд. теңгені құрайтыны болжанған. Сонымен қатар, осы айдың өзінде 75 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,1 %-ға көбірек. Бұдан басқа, қыркүйек айының қорытындысы бойынша 39,6 млрд. теңге қаражат тарту көзделген екен. Жалпы биылғы жылдың тоғыз айының ішінде 318 млрд теңге тартылыпты.
Жиында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев басты міндет – қолда бар қор мен әлеуетті пайдалана отырып, осы қарқынды сақтап, мемлекет басшысының облыс экономкиасының өсу қарқынын кем дегенде 5 пайыз деңгейде сақтап қалу жөніндегі тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету екеніне тоқталып өтті.
Сондай-ақ, басқосуда облыс әкімі энергетика және ТКШ басқармасына көмір бағасын қатаң бақылауда ұстауды және жоғары сауда-саттық үстеме бағаны негізсіз өсірудің жолын кесуді тапсырды. «Бір тонна көмірдің үстеме бағасы 5 мың теңгеге қымбаттаған. Жеткізушілердің мұндай баға қоятындай сонша шығыны жоқ. Табиғи монополияларды реттеу департаментін тарта отырып осы сұрақтың басын ашыңыздар. Қатаң шаралар қолданыңыздар», – деді жиында Бердібек Мәшбекұлы.
Тағы бір атап өтерлік жаңалық осы жылдың жеті айында Қазақстан мен Əзірбайжан арасындағы тауар айналымы 142 млн долларды құрапты. Өткен жылғы дәл осы уақытпен салыстырғанда өсім 56% болған. Бұл мәлімет облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Əзірбайжан республикасының төтенше жəне өкілетті елшісі Рашад Маммадовпен кездескенде айтылды. Бүгінде Ақтөбе облысының аумағында əзірбайжан капиталы қатысатын 11 компания бар екен. Бұлар негізінен ет, жем, астық өнімдері, және қала құрылысы мен өнеркəсіптік құрылысқа мамандандырылған шағын кəсіпкерлік субъектілері.
Сонымен қатар жақында Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен Татарстан Республикасының делегациясы келгенін де осы әңгімеге байланысты айтып өтпеске болмас. Олардың аймаққа келулеріндегі басты мақсаттары – «Актеп» ЖШС базасында құрылған Ақтөбе ет кластерінің жұмыс жасау тәжірибесін үйрену. Бүгінде кәсіпорын асыл тұқымды мал өсірумен айналысады, 11 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы мен қуаты жылына 7200 тоннадан асатын ет өңдеу кешені бар. Қазіргі таңда кластер барлық облыстың 350 шаруа қожалықтарымен әріптестік қарым-қатынас жасауда. Бұндай серіктестік – шаруалардың табысын кеңейтіп, аналық малдарды толықтыруға және мал тұқымын жақсартуға ауқымды қаражат тартпай-ақ мүмкіндік беріп отырғанын да игілікті іс ретінде атап өткен жөн.
Әрине Ақтөбе өңірінде атқарылған жұмыстардың көлемі бұдан да ауқымды. Біз тек бір бөлігіне ғана тоқталып өттік. Соның өзіңде аймақтағы дамудың айқын белгісін байқауға болады.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста