Бәсекелестік сапаны арттырып, бағаны реттейді

Бәсекелестік сапаны арттырып, бағаны реттейді

Бәсекелестік – бұл кәсіпкерлердің немесе тауар өндіруші кәсіпорындардың арасындағы жарыс түріндегі қарым-қатынас. Егер белгілі бір ортада бәсекелестік қалыптаспаса, онда ілгері дамушылық, жаңашылдық, сапа туралы сөз қозғаудың өзі артық. Яғни, бәсекелестік орта қалыптаспаған жерде алға басу да болмайды. Демек, бәсекелестік болмаса, қоғамның дамуы, адамзаттың өрекендеуі де тежеледі. Оған мысал – КСРО.

 

Кеңес үкіметі тұсында да бәсекелестік орта қалыптастыру мақсатында зауыттар мен фабрикалар, совхоздар мен колхоздар арасында «социалистік жарыс» ұйымдастырылда. Бірақ бұл ұранға, қағаз жүзіндегі жарысқа айналды. Кәсіпорындар саны бар, сапасы жоқ өнім шығарудың көркін қыздарды. Іс пен сөздің арасы мүлдем алшақ болды. Бұл өз кезегінде тауар сапасының төмен болуына, тауар дефицитіне, сыбайлас жемқорлыққа ұласты. Қашан да өтіріктің орға жығары сөзсіз. Қағаз жүзіндегі жалған жарыс, сыбайлас жемқорлық көптеген совхоздар ме колхоздарды, зауыттар мен фабрикаларды орға жықты. Түптің-түбінде бұл мемлекеттің құлдырауына әкеліп соқтырды.

 

Өкінішке қарай, сол бір «социалистік жарыстың» сарқыншақтары бүгінгі біздің қоғамға мұра болып келгені жасырын емес. Әлі де болса, туған-туыстық, бармақ басты, көз қысты, сыбайлас жемқорлық әрекеттерден арыла алмай келеміз. Мысалы, мемлекеттік сатып алуда шенділерге тиесілі компаниялар, жоғарыда тамыр-танысы барлардың компаниялары  тендерді жеңіп алып жататынын көз көріп, құлақ есітіп жүр. Соңғы кезде талайына құрық салынып, қолына кісен кигізілді. Десе де, мұндай келеңсіз әрекеттер әлі те тыйылар емес. Мұндай келеңсіздіктер қазақ қоғамының қадамына тұсау болары анық. Сондықтан мұндай келеңсіздіктермен қоғам болып жүйелі түрде күрес жүргізуіміз қажет.

 

Сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет басшысының да назарынан тыс қалған емес. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы бірінші шілдесінде өткен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында ұлттық жобаларды жүзеге асыруға өте көп қаржы бөлінетінін айта келе: «Осыған байланысты мені жемқорлық мәселесі қатты алаңдатады.  Ірі жобаларды жүзеге асыруға байланысты, әсіресе, инфрақұрылымдық құрылыс саласында, мол қаржы туралы ақпарат шыға салысымен-ақ, мұндай жобалар жіті бақылап отырған «әккі аңшылардың» назарына бірден ілігеді. Олар бөлінген қаржының бір бөлігін қалталарына басып қалуға тырысады. Әңгіменің ашығын айтайық. Мұны бәріміз білеміз. Сондықтан Үкімет пен тиісті агенттікке аталған мәселені мұқият қарауды ескертемін. Ұлттық жобаларды жүзеге асырудың пайдасы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс, – деп атап өткен болатын.

 

Мемлекет басшысының бұл мәселеге айырықша тоқталуы жайдан-жай емес. Өйткені, біздегі қай сала болмасын үңіліп қарасаңыз сыбайлас жемқорлықтың құлағы көрініп тұрады. Мысалы, суға бөлінген ақшаның су болып ағып кеткенін, жолға бөлінген қаржының топырақ астына төселіп кеткені туралы бұқаралық ақпарат құралдары талай жазды. Сыбайлас жемқолық салдарынан талай бағдарламаның баянсыз болғанын көз көрді. Ең өкініштісі, құлқынның қамын ойлаған жемсаулардың бірі ұсталып жатса, екіншісі келіп соны қайта жалғастырып жатады. Сондықтан да жемқорлық қылмыстарға қатысты жауапкершілікті аса қатаңдату қажет секілді. Және де қоғам болып күреспесек жемқорлықты жою оңай болмасы анық.

 

Жемқорлық – бәсекелестікті теріс бағытқа бұратын кері күш. Яғни, жемқорлық бәсекелестікті бақталастыққа, көреалмаушылыққа, кикілжіңге, тіпті топтық қайшыққа апаруы мүмкін. Жемқорлық бар жерде бәсекелестік жоқ. Ал бәсекелестік болмаған жерде қоғамның дамуы болмайды. Бәсекелестік бар жерде өндіріс көлемі артады, өнім сапасы жоғары болады, өндіріске жаңа технологиялар енгізіледі, қосымша жұмыс орындары ашылады, қызметкерлерге жағдай жасалады, білікті мамандарға деген сұраныс артады, мелекетке төленетін салық мөлшері өседі. Бір сөзбен айтқанда, бәсекелестік мемлекеттің өркендеуіне, халықтың тұрмыс жағдайынан жақсаруына тікелей әсер етеді.

 

Әрине, нарықтық қатынасқа өткен алғашқы жылдары жабайы экономика белең алды. Нарықты реттеу оңай болған жоқ. Нарықта монополистер пайда болып, өз қалған бағаларын қойып, нарықта үстемдіктерін орнатты. Ал, мұндай құбылысты реттеу үшін тиісті орган қажет еді. Сондықтан мемлекет бәсекелестік ортаны қалыптастыру мақсатында 2007 жылдың қазан айында Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрды. Агенттіктің басты мақсаты – бағаны реттеу, монополияға жол бермеу, тұтынушылардың құқығын қорғау т.б. болды. Десе де, кей жерлерде Бәсекелестікті қорғау агенттігі мамандарының өзі құзыретін асыра пайдалану, пара алу секілді қылмыстарға бой алдырып жатты. Сондықтан бұл саланы жетілдіру қажеттігі туындады. Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі Жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды.

 

2020 жылғы пандемия ел экономикасын тежеп, азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына әкеліп соқтырды. Осыған орай 2021 жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысы Үкімет пен тиісті агенттікке жеке бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ететін заң жобасын әзірлеуді тапсырды. 2022 жылдың қаңтар йында Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталмыш заңның басты мақсаты – мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқарту, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, әкімшілік және экономикалық кедергілерді қысқарту болып табылады.

 

Мелекет басшысы кәсіпкерлік, бәсекелестік мәселесіне әркез тоқталып отырады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында; «Еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек. Олар: жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі; әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу; шағын және орта бизнесті дамыту; өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру; игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі; адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту; «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау; мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау және сол үшін қоғам алдында жауапты болу, – деп атап өтті.

 

Халықтың табысты болуы мемлекеттің табиғи байлығымен емес, халқының бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық заман көшінен қалып қоймауы тиіс. Заманауи технологияларды меңгеріп қана қоймай, ешкімде жоқ заманауи техникалар шығаруға қол жеткізуіміз қажет. Яғни, еліміздің әрбі азаматы әлемдік бәсекеге қабілетті болу керек. Солай болған жағдайда өзге елдер Қазақстанға қызыға қарайтын болады. Сонда ғана, «Америкада ондай екен, еуропада мындай екен» деп батысқа қарап, аузымыздың суы құрып, тамсанып отырмайтын жағдайға жетеміз.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста