Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

90 жылдары өзге салалар секілді медицина саласы да өтпелі кезеңнің соққысына душар болды. Қаржы тапшылығы, сала қызметкерлерінің бірнеше айлап жалақы ала алмауы көптеген дәрігерлерді базар жағалап, сауда-саттықпен айналысуға мәжбір етті. Көп ұзамай-ақ Қазақстан нарық көшіне ілесіп, етек-жеңін жинады. Базар жағалап кеткен дәрігерлердің біразы қызметтеріне қайта оралды. Алайда, көптеген медицина саласының мамандары сауда саласында қылып қойды. Салдарынан медицина мекемелерінде маман тапшылығы туындады. Сол кезде туындаған маман тапшылығы әлі де толықтай шешімін тапқан жоқ.

 

Ел экономикасы қалпына келген сәтен бастап медицина саласына бөлінетін қаржы көлемі артты. Сол кезеңнен бастап, денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын тұрақты түрде артып келеді. Десе де, дамығын елдермен салыстырғанда, біздің елде денсаулық саласына бөлініп отырған қаржы көлемі әлі де болса аз. Үкімет жыл сайын қаржы көлемін арттырып отырғанынан қарамастын, медицина саласының сұранысын толықтай өтей алмай келеді. Себебі, жыл сайынғы туу көрсеткіші артып, адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығы ұлғайып келеді. Оған қоса, медицина мекемелерін инновациялық технологиялармен жабдықтау қарқынды жүргізіліп отыр. Әине, бұл қосымша шығындарды қажет етеді. Ал бұл мәселені оңтайлы шешудің бір жолы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік.

 

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту негіздемесі, Қазақстанның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру болып табылады. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік –  бұл «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі».

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл халықтың әлеуметтік мүдделерін қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі барлық сақтандырылған азаматтарды тең дәрежеде медициналық және дәрілік көмекпен қамтамасыз етеді. Бұл халықты әлеуметтік қорғау үлгісі.

 

Қазақстан міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізерде 50-ден астам елдің тәжірибесін зерделеген. Өйткені, әлем елдерінде денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш түрлі (бюджеттік, сақтандыру және аралас) үлгісі қолданылады. Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция елдерінде бюджеттік үлгі қолданылса, Франция, Бельгия, Германия, Корея, Жапония, Словакия және Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде, жалпы 30-ға тарта елде әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істейтін көрінді. Ал АҚШ-та жеке сақтандыру үлгісі қолданылады екен.

 

Алайда әлемнің көптеген елдері бюджеттік және сақтандыру үлгілерін аралас түрде қолданады. Өйткені бұл үлгі әлем елдерінді өзінің тиімділігін дәлелдеген. Бұл тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін үлгі. Сондықтан Қазақстан әлемдік тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізді. Бұл денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын, жоғарғы сапа мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін, медициналық көмектің кең ауқымды пакетін қамтамасыз етеді.

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі қағидаттары – әлеуметтік әділеттілік пен ортақ жауапкершілік. Яғни, әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік адамның өзіне, жұмыс берушісіне және мемлекетке жүктеледі. Қаржы шығындары да ортақ жауапкершілік қағидатымен бөлінеді. Яғни, мұқтаждығы аз адамдар көмекке зәру адамдардың қажеттілігін өтейтін болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында барлық сақтандырылған азаматтар табысы мен жарна көлеміне қарамастан, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Әрбір азамат жекеменшік емхананы таңдауға да құқылы. Өйткені бұған дейін жекеменшік емханаларда қызмет ақылы болса, енді сақтандыру қорынан төленеді. Бұл өз кезегінде ауруханалар мен емханалар арасында бәсекелестік тудырады. Ал, бұл медициналық қызмет сапасы мен мамандадың біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, сақтандыру қорындағы жарналық төлемдер жиынтығының өсуі медициналық көмектің шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Егер сіз медициналық сақтандыру қорының жарна төлеушісі болсаңыз, онда сіз дәрігердің қабылдауынан бастап және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде қымбат отаға, медициналық қызметтердің барлық түрлеріне кез-келген емханада қол жеткізе аласыз.

 

Сондай-ақ, мемлекет кей санаттағы азаматтар үшін сақтандыру қорына қаржы аударады. Ол санатқа төмендегі азаматтар кіреді:

 

1) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;

3) балалар;

4) мүгедектер;

5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;

7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

10) зейнеткерлер;

11) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

12) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

 

Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

– Бұл жерде халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінеді. Дегенмен, бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бірақ әлі де жоғары, сондай-ақ  дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көп. Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлуі қажет. Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет.

 

Бүгінгі таңда денсаулық саласына бағытталған қаржы көлемі жыл сайын артып, медициналық қызмет сапасы жақсарып келеді. Ал, бұған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің септігі тиіп отырғаны сөзсіз.

 

 

Қалдар Кумекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста