Шағын және орта бизнес – экономиканың негізгі бөлігі

Шағын және орта бизнес – экономиканың негізгі бөлігі

Кеңес үкіметі құлаған соң, КСРО құрамында болған 15 республика өз алдына егеменді ел атанып, нарық көшіне ілесті. Алайда, бәрін үкімет жасап бергенге үйренген халық үшін нарықтық экономика қараңғы әлем еді. Елде жаппай жұмыссыздақ белең алған сол кезеңде халықтың негізгі кәсібі алып-сату болды. Халықтың басым бөлігі базар жағалады.

 

Уақыт өте халық та, мемлекет те елдің бәрі бірдей алып-сатумен ғана айналысуы мүмкін емес екенін ұқты. Жеке кәсіпкерлікпен айналыстын, тауар өндірушілер қатары арта бастады. Алайда, алғашқы кезде кәсібі алға жылжымай, банкотқа ұшыраушылар да аз болған жоқ. Өйткені, кәсіпкерлік – тәуекелге бел буып жасалынатын нарықтық қадам.

 

90 жылдардағы тоқыраудан кейін 2000 жылдары мемлекет етек жеңін жыйды. Үкімет басындағылар да кәсіпкерлікке қолдау қажет екенін жіте түсінді. Бұл – нарық заңы. Мысалы, дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 50 пайыздан жоғары. Бұл кәсіпкерлікке жасалған мемлекеттік қолдау нәтижесінде қол жетіп отырған жетістік.

Дамыған елдердің тәжірибесін басқа ала отырып, Қазақстан Үкіметі де шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жыл сайын түрлі бағдарламалар қабылдап келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың қыркүйек айындағы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» аты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүзеге асқан бірқатар бағдарламаларға тоқталып, Ұлттық жоспарды бекіту туралы айтқан болатын.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

 – Біз орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітілетін болады. Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында  3,5  мыңнан астам жоба іске қосылды. Сондай-ақ, 70 мың жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің жалпы құны 3,5 триллион теңге болды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66  мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді.

 

Мемлекет басшы атап өткен Ұлттық жоба 2021 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қаулысымен бекітілді. Жобаның толық атауы – «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба».

 

Ұлттық жобаны әзірлеудегі мақсат – оң өзгерістерді қамтамасыз ете отырып, елімізде кәсіпкерлікті дамыту, шағын бизнесті дамыта отырып, халықты жұмыспен қамтуды арттыру, орта бизнес-драйверіне сүйене отырып, экономика салаларын әртараптандыру, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай жасай отырып, бәсекелестікті кешенді дамыту.

 

Сол арқылы шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 35 пайызға дейін жеткізу көзделген. Сонымен қатар, Ұлттық жобада жалпы ішкі өнімдегі туристік сала үлесін 8,4 трлн теңгеге дейін өсуіру мақсаты алға қойылған. Сондай-ақ Ұлттық жобаны жүзеге асыра отырып, экономикадағы мемлекет үлесін 14% - ға дейін төмендету қарастырылып отыр. Ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында 4. 995,3 мың жұмыс орнын ашылатын болады. Оның ішінде 335,1 мың – тұрақты, 660,2 мың – уақытша жұмыс орынын құру жоспарланған.

 

Ұлттық жобаны жүзеге асыру мақсатында 2021 жылы 1 272 207 923,3 мың тг. қарастырылса, 2022 жылы бұл мақсатқа 1 370 367 038,7 мың тг. қаржы жұмсау көзделген. Қаржы көлемі жыл сайын өсіп, 5 жылда Ұлттық жобаны іске асыруға барлығы 8 455 329 919 мың тг. жұмсалады деп болжанып отыр.

 

Ұлттық жобаны іске асыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен, сонымен қоса бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын болады. Нақтырақ айтқанда республикалық бюджеттен 1 030 884 427,0 мың тг., жергілікті бюджеттен 124 695 492,0 мың тг., бюджеттен тыс 7 299 750 000,0 мың тг. бөлу көзделіп отыр.

 

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының қаржы операторы болып Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы» Даму «Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры» АҚ таңдалды. Аталмыш қаржы операторы кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды мынадай жолдармен жүзеге асырады:

 

1.     шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру;

2.     кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру;

3.     купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаттарына негізделеді.

 

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста