Субсидия сыйақы емес

Субсидия сыйақы емес

Ел үкіметі ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында әртүрлі бағдарламалар қабылдап, шаруаларға қаржылай көмек көрсету тетіктерін қарастырып келеді. Деректерге сүйенсек үкімет соңғы бес жылда ауыл шаруашылығын субсидиялауға 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлген екен. Өкінішке қарай бөлінген қаржы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен.

 

Мысал ретінде айтар болсақ, Батыс Қазақстан облысында шенділер бірнеше фермердің атынан жалған құжат әзірлеп, істен шыққан құрылға орнатқан. Ал кей өңірлерде жоқ малға субсидия бөлу деректері анықталып отыр.

 

Шығыс Қазақстан облысында ер адам «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1000-нан астам асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу туралы жалған шарттар ұсынып, 140 млн теңгеден астам субсидиялық қаржыны заңсыз алған.

 

Сондай ақ, Түркістан облысында 380 млн теңгеге субсидияны заңсыз алған  8 шаруа қожалығының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үкіметті алдап, ақшаны үптегісі келген «іскерлер» құжатта бұзауларды ірі мал деп көрсетіп, екі асап биге шықпақ болған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мұндай бұзушылықтың 400 фактісі анықталыпты.

 

Жемқорлық фактілері тек Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан облстарында ғана емес еліміздің барлық өңірінде бой көрсетіп отыр. Тіпті оның бәрін тізіп шығу мүмкін емес. Мұның дәлелін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінен көруге болады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келтірген дерекке сәйкес, өткен жылы елімізде 65 қылмыстық іс қозғалып, 14 адам қамауға алынған. Ал соңғы бес жылда 960 қылмыстық іс қозғалып, 450 тұлға жауапқа тартылған көрінеді.

 

Қылмыстақ жауапкершілікке тартылғандар арасында жоқ малға субсидия алған пысыққайлар да, қолдағы билігін асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлыққа барған жергілікті ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары да, қызметкерлері де бар.

 

Ең өкініштісі, жемқорлық қылмысымен бірі ұсталып жатса, екіншісінің сол қылмысты қайталап жататындығы. Неге? Бәлкім ауыл шаруашылығы басқармасындағылар субсидияға бөлінген қаржыны сыйақы деп шатастыра ма екен? Жоқ, әлде, жемқорлар қомақты ақшаны көргенде бастан кетіп, көзі қызарып, алақаны қыши ма?

 

Әрине, «қасқырдан қорыққан орманға бармайды» демекші үкімет жемқорлардан сақтанып, сибсидияны тоқтатпақ емес. Керісінше жыл сайын ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінетін қаржы көлемін арттырып келеді. Мәселен, 2020 жылы осы мақсатқа 366 млрд теңге бөлінсе, 2021 жылы субсидия көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Ендігі мақсат – ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған қаржының қолды болмауын қадағалау.

 

Қайтпек керек?

 

Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталып, «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес», деген болатын. Сондай-ақ, президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ауыл шаруашылығын субсидиялау ісіне талдау жүргізуді тапсырған еді.

 

Әрине, «Антикор субсидия төңірегінде қордаланған мәселені шеше ала ма? Бұл саладағы сыбайлас жемқорлықты жоюдың жолы қайсы? Неліктен бұл салада жемқорлық фактілері жиілеп кетті?», деген сауалдың көптің көкейінде сайрап тұрғаны анық. Сондықтан осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.

 

Мамандар не дейді

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының айтуынша, аталмыш саладағы жемқорлықты жеңу үшін субсидияға өтінім беру сәтінен бастап, оны берудің ашық әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, бюрократия деңгейін төмендету, әкімшілік кедергілерді жою қажет.

 

Ал,  Қазақстан ұлттық мал өсіру­шілер қауымдастығының төрағасының пікірінше, субсидия беруді мемлекеттік органдардың құзыретінен алып тастау керек. Әйтпеген жағдайды бұл саладағы жемқорлықты жою мүмкін емес.

 

Қауымдастық төрағасының айтуынша, бұл мәселені түбегейлі шешуге болады. Ол үшін дамыған елдердің тәжірибесін қолдану жеткілікті. Яғни,  ауыл шаруашылығына субсидия берудің барлық түрімен қауымдастықтар, бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар айналысуы керек. Сонымен қоса, ауыл шаруашылығының әрбір жекелеген саласы бойынша қауымдастықтар құру қажет. Мысалы, мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы деген секілді. Сонан соң заңға өзгерістер енгізерде осы қауымдастықтардың ұсыныстары ескерілуі тиіс. Өйткені, әрбір қауымдастық өздеріне қатысты проблемаларды, оларды шешу жолдарын жақсы біледі.

 

«Бұл әлемдік тәжірибе. Осылай жасаған кезде ғана біз сыбайлас жемқорлықтан құтыламыз» дейді қауымдастық төрағасы.

Президен тапсырмасы орындалып, жемқорлық жойылатынына біз де сеніммен қараймыз.

 

 

Қалдар Көмекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста