Тауда төтенше жағдай ережесін қатаң сақтау керек

Тауда төтенше жағдай ережесін қатаң сақтау керек

Биыл карантиндік жағдайға орай бірнеше ай үйге қамалып, шаршаған халықтың күн жылына салысымен тауға асыққаны байқалды. Еркін, таза ауада, әлеуметтік арақашықтық сақтауға мүмкіндік бар кең далада еркін тыныстап, демалғысы келген халықтың ойын түсінуге де болады. Алайда тауға барған халық тәртіп пен төтенше жағдай ережесіне бағынбаса бұл үлкен мәселе тудырады. Осы орайда тауда демалғысы келген халықтың төтенше жағдайға ұрынбауының алдын алуға тырысатын еліміздің төтеншелік мамандарының алаңдаушылығы орынды екені сөзсіз. Өйткені басқа басқа онсыз да пандемиялық жағдайға орай төтенше жағдай режимінде қандай да бір туындайтын төтенше жағдай мамандарды екі есе әбігерге салатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан төтеншеліктер төтенше жағдай кезінде халықтан тауға топтасып бармауды, барса да төтенше жағдай режиміне бағынуды, от жақпауды ерекше сұрап отыр. 
Құзырлы орынның нұсқауынша табиғатқа бір отбасы мүшелері шығуға рұқсат етіледі. «Жалпы табиғатқа шығуға болады. Адамдардың көп жиналуына жол бермеу керек. Егер бірнеше отбасы бірге болса, онда бұл әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзу. Бір отбасы жүре алады. Бұл ретте барлық ережелерді сақтау керек", - дейді төтеншелік мамандар. Осы орайда бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 46 Қаулысының 3-тармағында (9 тармақша) көрсетілгендей "жеке сапарларды қоспағанда (3 адамнан немесе 3 отбасы мүшелерінен аспайтын) экскурсиялық, корпоративтік және топ болып табиғатқа шығып демалыс ұйымдастыруға тыйым салынды" деуі көп нәрсені аңғартады.
Алайда ел іші болғандықтан ереже бұзар тентегі болатыны рас. Мәселен патрульдеу басталғаннан бері таулы ормандарда 65 от пен ашық от жаққандар ұсталып, ескерту алса, ТЖ Департаменті мен Табиғатты қорғау полициясы бірлесіп жүргізген патрульдеу жұмыстары басталғалы бері таулы-орманды жерлерде ашық от жаққандары үшін 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 277 мың 800 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы атап өтер жайт, Іле-Алатауы ұлттық паркінде от жаққан жағдайда, кез келген тұлға 277 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтінін айта кету керек. Яғни Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің 367-бабының 3-тармағында көзделгендей ормандарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзу - жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш - 277 мың 800 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Тәртіп бұзушыға Іле-Алатау ұлттық паркі жедел тобының инспекторы хаттама жасап, өндірісті қысқарту тәртібімен айыппұл салады.
Егер заң бұзушы айыппұлды 7 күн ішінде төлесе, онда айыппұл сомасы 100 АЕК- 277 мың 800 теңгегенің орнына 50 АЕК-138 мың 900 теңге төлейді. Яғни тәртіп бұзушы өз кінәсін мойындап, өз әрекетінен тез қортынды шығаруға тырысса ескеріледі.
Мұндай кезде төтеншелік мамандарға көмекке келетін еріктілер де бар. Мәселен «Еріктілер лигасының» белсенділері шатқалда демалушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 250-ден астам жадынамалар табыстаған. Биыл «Еріктілер лигасы» мен «Ізгі ниет еріктілерімен» бірлесіп жасалған 42 рейдтің барысында 2540 ескертпе таратылған. Орман өрті мен пандемияның таралуын азайту мақсатында қазір «Еріктілер лигасы» еріктілерімен бірлесіп жадынама тарату жалғасып жатыр», - дейді ТЖД өкілдері. Жалпы тауда топтасып демалу ең алдымен төтенше жағдай режімін бұзу болса, екіншіден өрт қаупін тудыру арқылы басқалардың да өміріне қауіп төндіру екенін ашып айта кеткен жөн. Тауда от жағу арқылы олар тауға зиянын тигізсе, сол өртті сөндіруге ұмтылған төтеншелік мамандарда сақтықты ескерместен өртті сөндіруге ұмтылары сөзсіз. Осылайша карантиндік кезеңде төтенше жағдай ережесіне бағыну Алматы қаласының тұрғындарынан екі есе талап етіліп отыр. 
Бұлай алаңдауға негіз бар. Өйткені демалушылардың от жағуы, өртті шала сөндіріп тастап кетуі салдарынан талай рет тауларымыз өртке оранды. Көп жағдайда мегаполис тұрғындары табиғатта жаппай демалыс пен пикниктер ұйымдастырып қана қоймай, қауіпсіздік ережелерін де сақтамайды. Жыл басынан бері Алматының таулы-орманды аудандарында құрғақ шөптердің жануының 215 оқиғасы тіркелуі осының дәлелі.
Қуаныш Ермекова

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста