Төтенше жағдай қызметіне дамыл жоқ

Төтенше жағдай қызметіне дамыл жоқ

Елімізде қызметі халық үшін аса қажетті, соған қарамастан еңбектері ауыр, жылдың төрт мезгілінде де тілсіз жау отпен, ағын сумен, қыста боран, жазда дауылмен алысып жүретін, халықтың басына іс түссе бәрінен бұрын жететін мамандық иелері бар. Олар Төтенше жағдайлар қызметі.
Мәселен жылдың алғашқы жарты жылдығын қортындылайтын болсақ, «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі пультына халықтан 3 047 885 қоңырау келіп түскен. Яғни осынша адам алты ай ішінде төтенше жағдай қызметіне жүгінген. Сондай-ақ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері және Республикалық жедел-құтқару жасағы 8 049 адамды құтқарған. 11 011 адамды эвакуацияланып, 58 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. ТЖ орындарынан 207 адам денесін шығарып, 31 330 дабыл бойынша «жорыққа» шыққан. Олардың 5 357 – өрт болса, 4 963 - авариялық-құтқару жұмыстары, ал 18 634 - өрт ретінде есепке алынбайтын жанулар, 40 – жалған шақыртулар болса, 951 расталмаған жану фактілері, 1 385 басқа да түрлі жағдайлар болған.
Соның ішінде қызметі төтенше жағдайға тиесілі «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 1 992 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 1 445 адамды құтқарды, 682 адамды эвакуациялады, 1 945 рет көмекке ұмтылып, трассалық медициналық-құтқару пункттеріне 464 шақырту бойынша жеткен. 523 адамды эвакуациялап, 1 014 зардап шеккен жандарға медициналық көмек көрсеткен.
Ал ІІМ қарамағындағы ұйымдар мынадай іс-шаралар өткізді:
- «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына, өрттерді сөндіруге қатысу, жеке құрамды жеткізуге және басқа тапсырыстар бойынша 782 ұшу сағатын жасады, оның ішінде санитариялық авиация бағыты бойынша 267 ұшу жасады, 268 адам тасымалдады.
- «Өрт сөндіруші» АҚ 12 адамды құтқарды және эвакуациялады, 279 шығу жасады, соның ішінде 79 өрт сөндіру, 26 авариялық-құтқару жұмыстарын өткізді, 174 жануды жойды.
Төтенше жағдайлар қызметі нақты оқиға бойынша ғана емес, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша да, халыққа ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мемлекет басшысының бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында бақылау тек жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге қатысты енгізілген және ерекше тәртіпте өткізіледі. Бақылау-профилактикалық қызмет шеңберінде өртке қарсы жай-күйіне 9 833 тексеріс жүргізілді, тексеріс нәтижесінде 31 155 төтенше жағдай ережесін бұзу оқиғалары анықталған. 6 993 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, соның ішінде 1 474 лауазымды тұлғаға 50,4 млн. теңге сомасында айыппұл салынды.
Халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 33 542: 3 428 - телевизия арналарында, 7 512 - баспа басылымдарында, 7 893 - радиода, 6 342 - ақпараттық агенттіктер таспаларында, 8 367 - ведомстволық веб-сайттарда сөз сөйлеулер өткізіліп, материалдар жарияланды. Ақпараттандыру жұмыстары өз кезегінде халықты төтенше жағдайлардан сақтауға қызмет етеді деген ойдамыз. 
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің ТЖ-ға қабылданған алдын алу және уақтылы ден қою алдын ала шараларының арқасында 2019 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда оқиға саны 9,6%-ға, яғни 657 оқиғаға, бірақ бұл ретте зардап шеккендердің саны 11,1 есеге сандарды сөйлетер болсақ 14 103 адамға, қаза болғандар саны 3,3% 11 адамға, материалдық нұқсан 2,3 есеге (1 591 млн.теңгеге) өскені байқалады. Қызметі сан салалы Төтенше жағдайлар қызметінің табиғи және техногендік сипаттағы оқиғаларына да талдау жасар болсақ, 6 156 табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар тіркелген, 15 504 адам зардап шеккен, соның ішінде 346 адам қаза болды, материалдық нұқсан
2 809,1 млн.теңгені құрады. Облыстар бөлігінде қалыптасқан және жалпыланған көрсеткіштер мынадай ахуалды сипаттайды (2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда):
- ТЖ саны мына облыстарда: Ақтөбе 33,4%-ға (2019ж. - 425), Алматы 31,7%-ға (2019ж. - 701), Түркістан 24,2%-ға (2019ж. - 310), Қарағанды 23,7%-ға (2019ж. - 763), Қостанай 20,5%-ға (2019ж. -599), Солтүстік Қазақстан 17,9%-ға (2019ж. - 390), Жамбыл 17%-ға (2019ж. - 323), Нұр-Султан қаласында 14,6%-ға (2019ж. - 321) қысқарды;
- зардап шеккендер саны мына облыстарда: Ақтөбе 73%-ға (2019ж. - 37), Түркістан 70,5%-ға (2019ж. - 149), Қостанай 59,2%-ға (2019ж. - 71), Қарағанды 22,9%-ға (2019ж. - 48), Алматы қаласында 68,5%-ға (2019ж. - 54) азайды;
- қаза болғандар саны мына облыстарда: Жамбыл 91,2%-ға (2019ж. - 34), Қызылорда 68,4%-ға (2019ж. - 19), Ақтөбе 62,5%-ға (2019ж. - 8), Алматы 57,8%-ға (2019ж. - 45), Түркістан 56,5%-ға (2019ж. - 23), Қарағанды 33,3%-ға (2019ж. - 24), Қостанай 20%-ға (2019ж. - 20), Алматы қаласында 33,3%-ға (2019ж. - 9) азайды.
Сонымен бірге басқа өңірлерде:
- ТЖ саны облыстарда: Шығыс Қазақстан 26,9%-ға (2019ж. - 828), Павлодар 15,9%-ға (2019ж. - 503), Шымкент қаласында 46,2%-ға (2019ж. - 13) өскені;
- зардап шеккендердің саны мына облыстарда: Батыс Қазақстан 30,9 есеге (2019ж. - 48), Маңғыстау 28,4 есеге (2019ж. -18), Атырау 21,7 есеге (2019ж. - 76), Павлодар 19,4 есеге (2019ж. - 54), Ақмола 15,1 есеге (2019ж. - 34), Алматы 10,6 есеге (2019ж. - 188), Нұр-Сұлтан қаласында 32,2 есеге (2019ж. - 120) ұлғайғаны байқалады;
- қаза болғандар саны мына облыстарда: Батыс Қазақстан 3,8 есеге (2019ж. - 4), Павлодар 2 есеге (2019ж. - 23), Шымкент қаласында 46,2%-ға (2019ж. - 13) көбейді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жалпы ТЖ санынан  91,2%-ды құрады, 5 612 оқиға тіркелді (10,2%-ға азайды), бұл ретте 371 адам зардап шеккен (63,9%-ға азайды), соның ішінде 196 адам қаза болды (40,6%-ға азайды).
Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі өндірістік және тұрмыстық өрттерге (94,3%) тиесілі, 2020 жылдың алты айында 5 292 өрт болды (11,7%-ға азайды), 299 адам зардап шеккен (15,8%-ға азайды), соның ішінде 169 адам қаза болды.  Өрттерден келген (5,6%-ға көбейді), материалдық нұқсан 933,2 млн. теңгені (18,4%-ға азайды) құрады.
Өрттер саны мына облыстарда: Ақтөбе 32,9%-ға (2019ж. - 419), Алматы 27,9%-ға (2019ж. - 616), Қостанай 25,7%-ға (2019ж. - 576), Қарағанды 23,7%-ға (2019ж. - 747), Солтүстік Қазақстан 22,5%-ға (2019ж. - 378), Батыс Қазақстан 11,9%-ға (2019ж. - 261), Нұр-Сұлтан қаласында 11%-ға (2019ж. - 301) қысқарды.
Өрт саны мына облыстарда: Шығыс Қазақстан 23,7%-ға (2019ж. - 742), Түркістан 13,6%-ға (2019ж. - 162), Қызылорда 11,3%-ға (2019ж. - 247) өскені байқалды.

Өрт туындайтын негізгі объектілер: 64,5%-ы тұрғын үй секторы, 15,2%-ы көлік құралдары, 5,5%-ы ормандар, 5,1%-ы басқа ашық аумақтар, 3,3%-ы сауда кәсіпорындары, 1,9%-ы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, 1,3%-ы әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 0,8%-ы салынып жатқан объектілер мен құрылыс алаңы жатады.
Өрттің пайда болуының таралған себептері: 41,1%-ы отты абайсыз қолдану, 28,5%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 12,8%-ы пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 5,6%-ы анықталған әдейі өртеу, 3,6%-ы тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 2,1%-ы балалардың отпен ойнауы болып табылады. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ-ның жалпы санынан 8,8% құрады, 2020 жылдың алты айында 544 оқиға тіркелді (3,9%-ға ұлғайды), оның ішінде
15 133 адам зардап шекті (40,7 есеге көбейді), соның ішінде 150 адам қаза болды (30 есеге көбейді). Жалпы статистканы қарап отырсақ төтенгше жағдайлар статистикасында аса өзгеріс байқалмайды.Жұмысы қарбаласқа толы саланың келесі алты айлықта төтенше жағдайлармен шығуы аз болғай!

Қуаныш Ермекова

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста