«Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары жолға қойылды

«Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары жолға қойылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында көптеген бағытта жобалар кешені дайындалды. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталғанын білеміз.

Сонымен бірге жастарды жұмыспен қамтуға да аса мән беріліп жатыр. 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жұмыссыз адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары іске қосылып, қолдау шаралары көрсетілетін болды.

Аталған жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту ойластырылып отыр.

Департамент директоры орынбасары «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылғанын айтты.

Ал зейнеткерлер үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, жобада шамамен 20 мың адам қолдау алады. Сондай ак, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны берілмекші.

«Осы жобалардың көпшілігіне қатысу үшін жақын орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Не болмаса, Электронды еңбек биржасы немесе Электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет», – деді Руслан Тілеубаев.

Осы шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оларды іске асырудағы кемшіліктер ескерілгенін, оларға сәйкес әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін ескере отырып, көптеген өзгерістер енгізілгенін де еске салып өтті.

Ұлттық жобаны іске асыру кезінде 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Халықтың нақты ақшалай кірісінің өсмі 27,1% деңгейіне жетіп, жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға дейін төмендету көзделуде.

Жалпы 1,7 млн адам тұрақты жұмысқа орналасса, 3,5 млн адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылады деп жоспарлануда.

А.Бақаш

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста