Алматыны тасқыннан құтқаратын карта әлі жасалмапты

Алматыны тасқыннан құтқаратын карта әлі жасалмапты

Бірнеше тау өзені кесіп ағып жатқан Алматы қаласында да көктем мезгілінде топан судан келетін қауіп басым. Жылдағы тәжірибе бойынша қаланың тасқыннан жиі зардап шегетін тұстары белгілі. Солай бола тұра, тұрғындар бөгеттер бұзылып, тасқын бола қалған жағдайда қаланың қай бөлігіне барып, бас сауғалауды білмейді. Топан су кезінде Алматы халқын қауіпсіз аймаққа көшірудің картасы тұрғындар түгіл, төтенше жағдайларға жауапты мамандардың қолында да жоқ екен. Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте плотиналар жарылуы кезінде тұрғындарды эвакуациялаудың картасын жасау ісі Қызылағаштағы қаралы оқиғадан кейін ғана қолға алынып отыр.

karta

Мамандардың сөзіне қарағанда, күні бүгінге дейін бұл мәселеге осыншалықты мән берілмегенге ұқсайды. Қазіргі уақытта «Қазселденқорғау», Сейсмология институты сияқты бірқатар мекемелерде ғана тұрғындарды табиғи апаттар кезінде құтқару мен қауіпсіз аймаққа көшірудің жобалары бар. Ал іргедегі плотиналардың жарылуынан қалайша сақтану қажеттігі, соның ішінде, Алматының қай өңірлерінде жан сақтау керектігі туралы ешқандай тиісті нұсқаулықтар жоқ болып шықты. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекованың айтуынша, «эвакуациялық карта» деген дүние бұрын-соңды болған емес. Қаланың жеті ауданының жауапты мекемелерінде неғұрлым қауіпті аумақтардың картасы енді ғана жасалып жатыр. Сондай-ақ апатты жағдай бола қалғанда тұрғындарды орналастыратын мектеп ғимараттары мен ауруханалар қарастырылуда. Мамандардың мәліметінше, оңтүстік астананың аумағында бүгінде сегіз плотина болса, оның Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде орналасқан екеуі ғана қала аумағына кіреді. Қалған алтауы облыстың басқа аудандарындағы мекемелер құзырында. Еліміздің өзге өңірлеріндегі апатты жағдайға байланысты су тасқынының алдын алу бағытында мұнда қазір кезекшілік қолға алынған. Арнайы мамандар тоғандардағы су деңгейін жіті бақылап отыр. Су жоғарылаған жағдайда құтқару қызметтеріне хабар беріледі. «Қазіргі кезде тасқын айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған аймақтар жайлы айтар болсақ, бұлардың алғашқылары, әрине, Алатау ауданының «Шаңырақ», «Ақбұлақ», «Саялы» және «Думан» ықшамаудандары. Мұндағы баспаналар сайда орналасқандықтан, жауын-шашын көп түсіп, қар еріген кезде судың астында қалуы әбден мүмкін», – дейді Г.Дәуренбекова. Сонымен қатар Рысқұлов пен 9 қаңтар көшелерінің қиылысы, Әуезов ауданының «Алтын бесік» ықшамауданы, Жетісу ауданындағы Павлодар, Бөкейханов, Райымбек көшелері, Медеу ауданының Кутузов, Алатау-Бішкек көшелері де қауіпті аймаққа жатады. Мамандар қаланың осы бөліктерінің тұрғындарына сақтық шараларын әркез назарда ұстауды ескертеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста