1 тамызда Сайран көлінің жағалауында демалыс орны ашылады
Алматыда Сайран көлінің жағасынан демалыс орны ашылады. Бұл туралы АlmatyNews AA-нің тілшісі Алматы қ. Әуезов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Демалыс орнының ашылу салтанатында ұлттық спорт ойындары ойнатылады. Мәселен, турникке тартылу, брусяга, арқан тартыс, шеңберді белде айналдыру, гір тасын көтеру, секіртпемен секіру, асық ату, бұқа тартыс және аяққа қап киіп жүгіру жарыстары ұйымдастырылады. Жеңімпаздар жарыс ережесіне сәйкес анықталады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жағажайға демалуға келген қала қонақтары мен тұрғындары әр түрлі ойындарға қатысып, сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Жеңімпаздарға Әуезов ауданы әкімінің атынан мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар беріледі. Жарыстың әділ өтуін төрешілер бақылауға алады.
Аталған шара 1 тамыз күні сағат 13:00 де Сайран көлінің батыс жақ жағалауында өткізіледі.
almaty.tv