100-200 теңге: Алматы әкімдігіндегі тамақтың бағасы көпшілікті таңғалдырды

100-200 теңге: Алматы әкімдігіндегі тамақтың бағасы көпшілікті таңғалдырды

Қазақстандық журналист Алматы әкімдігінің асханасындағы тамақ бағалары көрсетілген сурет жариялады. Желідегілер арзан бағаны көріп таң-тамаша болды.

"Алматы әкімдігінің асханасында осындай бағалар. Қымбат па, арзан ба?", - деп жазды Жарас Ниязбек парақшасында.

Шынында да, 18 қыркүйектегі баға тізімі көпшілікті таңғалдырды. Сонымен, асханаға келушілер бірінші тағамдарды 180-220 теңгеге, екінші тағамдарды 290-дан 510 теңгеге дейін, салқын тағамдарды 50-ден 200 теңгеге дейін сатып ала алады. Сондай-ақ, келушілерге арзан кондитерлік өнімдер мен десерттер ұсынылады. Гарнирлер мен тұздықтар, диеталық тамақтану тіпті арзан.

Тек сусындар орташа бағамен сатылады.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қараша айында сол кездегі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек шетелдіктер Алматы мейрамханаларында өте арзан бағада ас іше алатындығын мәлімдеген болатын. Ол оңтүстік астанада мейрамханалардан бар-жоғы 500 теңгеге дәмді тамақ жеуге болатынын айтқан еді.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста