102 адам жалған құжат жасап, мүгедек болғысы келіпті

102 адам жалған құжат жасап, мүгедек болғысы келіпті

Оңтүстік Қазақстанда соңғы жылдарда мүгедектікке шалдыққан жандардың саны күрт өсіп кеткені байқалуда.Сарапшылар мұның себебін қалыптасқан дағды бойынша дағдарысқа теліп отыр. Яғни қаражат жетімсіздігінің кесірінен тұрғындар уақтылы ем ала алмай, күйзеліске ұшырап жатқан көрінеді.

Ал кейбір азаматтар мүгедектікті табыс көзіне айналдырып, жалған құжаттар даярлап, тегін ақша алудың жолына түсіпті. ОҚО Әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Төрехан Дауытовтың айтуынша, биыл жыл басынан бері жалған құжат жасап, мүгедектікке өтпек болған 102 азаматтың құжаттары қанағаттандырылмай, кері қайтарылыпты. Бұлардың көбі тепсе темір үзетін, жасы 30 бен 50 аралығындағы ер-азаматтар болып шыққан. Биыл мүгедектікке өткендердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 227 адамға артыпты. Тағы бір қынжылтатын мәселе – мүгедектерге мемлекет тарапынан тегін берілетін қоларбалардың дер кезінде жеткізілмеуі. Мұнымен тікелей айналысуға тиісті тендерден жеңіп шыққан компания қажетті 1500 қоларбаның тек қана 243-ін әкеліп берсе керек. Бір айта кетерлігі, аталмыш қоларбалар тиісті иелеріне жыл басында-ақ табысталуы керек болатын. Не себепті бұлай сиырқұйымшақтанып кеткені әлеуметтік қорғау мекемесіндегілерге де белгісіз болып отырған жайы бар. Мұны қадағалауға кімнің өкілеттігі бары да беймәлім болып отыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста