11 тамызға дейін автобус жолағымен жүріп қалыңыз!

11 тамызға дейін автобус жолағымен жүріп қалыңыз!

Астаналық жүргізушілер назарына! Алдағы тамыз айының 11-нен бастап қоғамдық көлік жолағымен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады. Әзірге елордалық сақшылар ескертумен шектелуде. Дегенмен уақыты келгенде, ереже елемегендер 10 айлық есептік көрсеткіштен бастап, одан да жоғары көлемде айыппұл төлеуі мүмкін. Астаналық жол сақшыларының жұмысы қызып тұр. Өйткені қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүруге болмайтынын білмейтіндер көп. Дегенмен бұл жаңалық бәріне бірдей жақпайтын сыңайлы. Бұл ретте әкімшілік полиция өкілдері тамыздың 11-нен бастап айыппұл салмақ. Ол 10 айлық есептік көрсеткіштен бастап, әр ереже бұзған сайын арта береді. Берік Жолдасбеков, Астана қалалық ІІД ӘПБ бөлім бастығы -Тамыз айының алғашқы ширегінен бастап ережені бұзған көлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Аталған жолдарда жол полициясының патрульдері бақылау жүргізеді. Ереже сақтамағандарды бейнебақылау арқылы да анықтаймыз. Тың жоба әзірге Бауыржан Момышұлы мен Бөгенбай батыр даңғылдарында жүзеге асып жатыр. Тиімділігі дәлелденсе, өзге көшелерде де сары жолақ пайда болады. Ал енді аталмыш жолақпен қандай жағдайда жүруге болады?! Оңға бұрыларда, қоғамдық көлікке кедергі келтірместей етіп, жолақтың үзік сызығы бар тұсымен бұрылу қажет. Дәл осындай әрекет аулалық аумаққа бұрылғанда да жасалуы тиіс. Қоғамдық көлік жолағы бар жолға шыққанда бірден сары жолақтың сол жағындағы бөлікке түсу керек. Іргелес жолдан шығарда арнайы жолақты жолды үзікті сызық арқылы дереу қиып өту қажет. Көлік қоюға рұқсат етілген жол бөлігіне тоқтарда да үзікті сызықпен автобустарға кедергі келтірмей тоқтау қажет.

khabar.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста