12-14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вaribar.kz-ке сілтеме жасап.
Суық арктикалық антициклон өз траекториясын республиканың шығыс, оңтүстік өңірлеріне бағыттайды, сол себептен жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі, — делінген хабарламада.
Ауа температурасы еліміздің батысында түнде 15-30 аяздан 7-20 аязға дейін,
солтүстік-батыста 20-28 аяздан 13-22 аязға дейін,
республиканың солтүстігінде 20-35 аяздан 13-26 аязға дейін,
орталықта 30-41 аяздан 17-25 аязға дейін,
еліміздің шығысында 32-43 аяздан 20-30 аязға дейін төмендейді,
оңтүстікте температураның негізгі фоны 22-31 аяз,
оңтүстік-шығысында 20-33 аяздан 23-36 аязға дейін төмендейді.