12 қаңтардан бастап шетелдік көліктерді сақтандыруға тыйым салынады

12 қаңтардан бастап шетелдік көліктерді сақтандыруға тыйым салынады

Енді ел тұрғындары басқа мемлекетте тіркелген автомобильді сақтандыру арқылы жүргізе алмайды. Бірақ 12 қаңтарға дейін рәсімделген полистер мерзімі аяқталғанша жарамды болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

 
Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, ол биыл 12 қаңтарда күшіне енеді. Онда басқа нормалармен қатар көлік иелерін міндетті сақтандыру және «Жол жүрісі туралы» заңдарға енген өзгерістер бар.

12 қаңтардан бастап сақтандыру туралы заңның 10-бабы 5.2-бөліммен толығады. Онда былай жазылған:

«Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті орган бөлімдерінде тіркелген көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы келісімшарт жасауына рұқсат берілмейді».

«Жол жүрісі туралы» заңға да өзгеріс еніп, ол бойынша шетел азаматы немесе біздің елде азаматтығы жоқ кісі жүргізетін, Қазақстаннан тыс жерде тұратын тұлғаға тиесілі, елімізде тіркелмеген және уақытша кірген автомобиль халықаралық қозғалыстағы көлік деп танылатын болады.

Мұндай машина бір жылға дейін біздің елде еркін жүре алады, одан кейін 30 күнге елден шығару қажет.

Осылайша, 2023 жылдың 12 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін алу үшін машина Қазақстанда есепте тұруға, яки шетелдіктің не азаматтығы жоқ тұлғаның меншігінде болуға тиіс. Қазақстан азаматтары бөтен елде тіркелген машинаны сақтандыра алмайды, сәйкесінше, бір-біріне сақтандыру арқылы сата да алмайды.

Ал транзиттік нөмір таққан көліктерді бұрынғыдай 10 күнге дейін сақтандырады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста