14-16 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 2016 жылдың 14-16 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Мамандардың болжамына қарағанда, алдағы күндері жылу күтіледі екен. "Атмосфералық процестердің жедел ауысуы көктемге тән белгілер болып табылады. Қазақстанға 13 сәуірде жылжыған антициклон Монғолияға ауысуда, солтүстік-батыс тропосфералық ағындар оңтүстік-батысқа ауысуда. Солармен бірге көктем маусымының жоғары температурасын арттыратын, Иран аймағынан бізге жылы ауа келуде", - деп хабарлалы синоптиктер.
Сонымен, алдағы үш тәулікте республиканың барлық аумағы бойынша әдеттен тыс жылы ауа райы күтіледі екен. Күндізгі температура 6-15 градусқа нормадан жоғары 20-25 градус ыстық, оңтүстіктің шеткі аудандарында 31 градус ыстыққа дейін көтеріледі.