16 желтоқсан емес. Тәуелсіздік мерекесін тойлау күні өзгерді

16 желтоқсан емес. Тәуелсіздік мерекесін тойлау күні өзгерді

Қазақстан енді егемендік мерекесін 16 желтоқсанда атап өтпейді. Бұл күн - құрбан болғандарды еске алу, тағзым ету күні болып қалады.
Енді Тәуелсіздік күні ретінде Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған 25 қазанда тойланады, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан 25 қазанды жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек,
— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын айтты. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды деді Тоқаев.
Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді,
— деді Президент.
Ал 16 желтоқсан тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек деді ол.

Экспресс К.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста