2021 жылы министрлер мен ведомство қызметкерлері қандай сыйақы алды?

2021 жылы министрлер мен ведомство қызметкерлері қандай сыйақы алды?

Қазақстан министрліктері министр мен олардың қызметкерлері мерекелік сыйақы алатын-алмайтынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Tengrinews.kz редакциясы Қазақстанның барлық 18 министрлігіне министрлер, вице-министрлер мен ведомство қызметкерлері мерекеде қанша сыйақы алатынын білу үшін сауал жолдады.

 

Энергетика министрлігі баспасөз қызметі қызметкерлерге үстемеақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және органдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысына үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Энергетика министрлігінің сыйақы беру туралы ережесінің осы нормативтік-құқықтық актісіне негізделген қаулысына сәйкес жүргізілетінін хабарлады.

 

Министрлікте еңбекақы төлеу қорын үнемдеу есебінен жеке үстемеақылар белгілеу тәжірибесі жоқ екені айтылды.

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тәртіптік жазаға тартылған және сынақ мерзіміндегі қызметкерлерді қоспағанда, 2021 жылы жалпы сомасы 112 миллион 396 мың 100 теңге сыйақы бөлінгенін және төленгенін хабарлады.

 

"2021 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылық құрамы үшін сыйақы беру мемлекеттік мерекелерге орай жүргізіледі. Орташа есеппен бір адамға 91,3 мың теңгеден төленді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

 

Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыйақысын төлеуге министрлік бюджетінде шығыстар көзделмегенін хабарлады.

 

"Ішкі істер органдары бөлімшесіне берілетін сыйақы мөлшері бюджет қаражатын үнемдеуден құралады, ол жұмыс нәтижелеріне қарай тікелей басшылар ұсынысына сәйкес қызметкерлер арасында тепе-тең немесе біркелкі бөлінеді. Ішкі істер министрі сыйақысының мөлшері бюджет қаражатын үнемдеуге байланысты және қызметкерлер сыйақысы мөлшерінен ерекшеленбейді. Қолданыстағы заңнамада ішкі істер органдарында бонустар төлеу көзделмеген", - деді ведомство өкілдері.

 

Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлер сыйақысының мөлшері мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражатын үнемдеу негізінде қалыптасатынын хабарлады.

 

"Мемлекеттік қызметшілер еңбекақысына бонустар төлеу жүйесінде көзделмеген. Министрге, вице-министрлерге, аппарат басшысына бюджет қаражатын үнемдеу қорытындысы бойынша желтоқсанда сыйақы төлеу жоспарланған", - деді ведомство өкілдері.

 

Ұлттық экономика министрлігінде сыйақыны төлеу тиісті органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен жүргізілетінін айтты. Министрлікте жоспарланған сыйақы қоры жоқ.

 

Бұл ретте министрге және вице-министрлерге бонустар мен сыйақы төлеу қолданыстағы заңнамада белгіленбегені айтылды.

 

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы беру мемлекеттік органның жалақы, салық және жалақы бойынша аударымдар, іссапарлар, коммуналдық қызмет, көлік және байланыс қызметтерін төлеу, білім мен үй-жайларды ұстау және қызмет көрсету шығыстары, өзге де шығыстар сияқты шығыс түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүргізілетінін хабарлады.

 

Әділет министрлігінің 2021 жылға арналған бюджетінде сыйақы төлеуге қаражат көзделмеген. Қызметкерлерге сыйақы беру еңбекақы төлеу қоры бойынша қаражатты үнемдеу есебінен де жүргізіледі.

 

Төтенше жағдайлар министрлігі жыл қорытындысы бойынша сыйақы мөлшері мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуден және бос жұмыс орындары бойынша үнемдеуден құралады деп мәлімдеді.

 

"Жыл қорытындысы бойынша бір лауазымдық жалақы мөлшерінде министрлік басшылығы сыйақы алады, ал бонустар көзделмеген. Президент жарлығына сәйкес, бюджетте әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге жылына екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақы беру жоспарланған.

Жыл басынан бері ТЖМ қызметкерлеріне мамыр мерекелеріне, Құтқарушы күніне және Тұңғыш Президент күніне лауазымдық айлықақының 50 пайызы мөлшерінде бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сыйақы берілді", - деді ведомство өкілдері.

 

Министрлік басшылығы жыл басынан бері үш рет: Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты лауазымдық айлықақысының 50 пайызы мөлшерінде, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін және Құтқарушы күнін мерекелеуге байланысты және Тұңғыш Президент күніне бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сыйақы төлеген.

 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қызметкерлерге сыйлықақы беру үшін олардың қызметі бағаланатынын айтты. Министрлік, оның ведомстволары мен аумақтық органдар қызметкерлеріне жыл қорытындысы бойынша сыйлықақы беру үнемдеу негізге алына отырып жүргізіледі. Жыл қорытындысы мен үнемдеу сомасы айқындалады.

 

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бүгінде министрдің айлық жалақысы зейнетақы жарналары мен табыс салығы аударымдарын есепке алғанда 931,4 мың теңге, вице-министр жалақысы 686,1 мың теңге. Бұл ретте министрлік басшылығы, сондай-ақ барлық әкімшілік мемлекеттік қызметші жалақысы 2017 жылдан бастап көтерілмегені айтылды.

 

"Әкімшілік қызметшілерге сыйлықақы беру үшін министрліктің бюджетінде жыл сайын екі лауазымдық жалақы мөлшерінде қаражат көзделеді, бұл тоқсанына 0,5 жалақы. Жыл бойы министрлік қызметкерлері қалыптасқан үнемдеу шегінде мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйақы алды.

Сынақ мерзімінен өту кезеңі, министрлікте бір айдан кем жұмыс істейтін тәртіптік жазасы бар қызметкерлерді қоспағанда, сыйақы министрліктің барлық қызметкеріне төленеді. Бұл ретте 2021 жылы сыйақының орташа айлық мөлшері 63,5 мың теңге болды", - делінген Экология министрлігі жауабында.

 

Министрлік басшылығына сыйқақы беру қалыптасқан үнемдеуді негізге ала отырып, министрліктің барлық қалған қызметкерлеріне сыйлықақы беруге ұқсас, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге - бір жалақыдан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.

 

Мәдениет және спорт министрлігі мәліметінше, департамент басшылығының жалақысы 2021 жылы өскен жоқ. Министрліктегі сыйақы мөлшері үнемделген қаражат есебінен қосылады.

 

Білім және ғылым министрлігі сыйақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері бойынша белгіленетінін хабарлады. Құжаттар мен сыйақы туралы жеке өтініш актілері ресми пайдалануға арналған құжаттар саналды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста