2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың өндірістік күнтізбесін жариялады.

Қазақстанда ұлттық және мемлекеттік мереке күндері ресми демалыс күні жарияланады. Мереке демалыс күніне тура келсе, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып бекітіледі.

Ең ұзақ демалыс наурыз және желтоқсан айында болады.

Қаңтардың басында қазақстандықтарды төрт күн демалыс күтіп тұр. Жаңа жылға байланысты 1-2 қаңтарда демалыс болады. Ал 2 қаңтар сенбіге түсіп тұрғандықтан 4 қаңтар (дүйсенбі) да демалыс болып жарияланды. Одан кейін қазақстандықтар екі күн жұмыс істеп, Рождество мерекесіне орай 7 қаңтарда тағы демалады.

Ең ұзақ демалыс көктемде болады, мереке мен демалыс күндерін есептегенде қазақстандықтар 33 күн демалады.

Наурызда қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз &ndash Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз &ndash Наурыз мейрамы. Осының өзі 12 күн болып тұр. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс 24 наурызға ауысады.

Мамырда үш мемлекеттік мейрам бар. 1 мамыр күні &ndash Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр &ndash Отан қорғаушы күні және 9 мамыр &ndash Жеңіс күні.

Бұл айда екі мереке демалысқа түсіп отыр, 1 мамыр сенбіге, ал 9 мамыр жексенбіге тура келеді. Соған байланысты екі мерекеден кейінгі дүйсенбіде демалыс беріледі. Осылайша, мамырда қазақстандықтар 13 күн демалады.

Шілдеде екі мейрам өтеді. Бірі &ndash мемлекеттік, екіншісі &ndash діни мереке. 6 шілдеде (сейсенбі) астана күні тойланады. Оған дейін 3 шілде (сенбі) жұмыс күні болады да, 4 шілдеден (жексенбі) бастап қазақстандықтар үш күн (4, 5 және 6 шілде) қатарынан демалады. Ал 2021 жылы Құрбай айттың алғашқы күні 20 шілдеге тура келді.

30 тамыз &ndash Конституция күні қарсаңында аптасына бес күн жұмыс істейтіндер тағы үш күн (28, 29 және 30 тамыз) қатарынан демалады.

Желтоқсанда екі мейрам бар. 1 желтоқсан &ndash Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні, ал Тәуелсіздік мерекесінде 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері қатарынан демалыс беріледі.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста