2022 жылы құжат жасау қанша теңге болады?
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі 3 063 теңгеге дейін өседі дейін өседі. Осыған байланысты келесі жылы құжат рәсімдеу бағасы да көтеріледі.
Айта кетсек, АЕК жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ, айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде құжат рәсімдеудің құны мынадай болады:
- Жеке куәлік – 0,2 АЕК (2021 жылы 583 теңге, 2022 жылы 613 теңге);
- Төлқұжат – 8 АЕК (2021 жылы 23 336 теңге, 2022 жылы 24 504 теңге);
- Жүргізуші куәлігі – 1,25 АЕК (2021 жылы 3 646 теңге, 2022 жылы 3 829 теңге);
- Некені тіркеуге арналған куәлік – 1 АЕК (2021 жылы 2 917 теңге, 2022 жылы 3 063 теңге);
- Ажырасуға арналған өтініш – 0,3 АЕК (2021 жылы 875 теңге, 2022 жылы 919 теңге).
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу