28 градусқа дейін аяз болады: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер 23-25 желтоқсан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстік-батыс циклоны Қазақстанға жауын-шашын әкеледі, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі. Алайда қазір батыстан антициклон жылжып келеді.
Ол елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді. Мұнда түнде 20-28 градус аяз болады.
Республикамыздың оңтүстік облыстарына Өзбекстан аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды. Оның әсерінен жаңбыр жауады. Осылайша оңтүстікте желтоқсан айы үшін өте жоғары температура сақталады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу