36 депутат Конституциядағы орыс тілінің мәртебесін өзгертуді қолдады – Қазыбек Иса

36 депутат Конституциядағы орыс тілінің мәртебесін өзгертуді қолдады – Қазыбек Иса

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Конституциядағы орыс тілінің мәртебесін өзгертуді 36 депутаттың қолдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTAG басылымына сілтеме жасап.

"Түсінемін, балаларыңызды орыс мектебіне бердіңіздер. Кейбірі тек бастауыш сыныптарға ғана бергісі келеді. Қазір ғана "Неліктен Тоқаевқа айтпайсыздар?" дедіңіздер. Біз Конституциядан көбісі айтып жүрген, яғни орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылуы керек деген тұжырымдаманы алып тастауды ұсындық. "Мемлекеттік тіл туралы” заңды ұсынған едік. Бүгінде 36 депутат, яғни 30%-дан астамы қол қойды. Біз "Мемлекеттік тіл туралы заңды" қолдаймыз. Жақында орыс тілі емес, мемлекеттік тіл ғана болады", – деді Қазыбек Иса Нұр-Сұлтандағы №93 мектеп-гимназиясының ата-аналарымен кездесу барысында. 

Депутат туған тілді білу оның болашағының жарқын болуы әсер ететінін айтып өтті. 

"Ғалымдар да туған тілінде ойлай алмайтын, туған тілінде түс көрмейтін адамдарды рухани мүгедек деп атаған. Сіздер бастауыш сыныпта орыс тілінде оқыту арқылы оларды рухани мүгедек қыласыздар. Неліктен Жапония соншалықты дамыған? Себебі бастауыш сыныптан бастап туған тілін үйретеді", – деді ол. 

Ол қазақ тілді мектептерде білім деңгейі төмен болады деген сөздің аңыз екенін айтып, халықаралық олимпиада қатысушыларының 89-90%-ы қазақ мектептерінде оқитынын мәлімдеді. 

"Олар орыс тілінде сөйлеуді доғарып кетеді деп ойламаңыздар, қалада оқитындар орыс тілін жылдам меңгереді. Менің балаларым, немерелерім бар, қазақ мектебінде оқиды, бірақ орыс тілінде сөйлейді. Себебі айналасындағылардың бәрі орысша сөйлейді. Тіпті шалғай ауылдағы балалар да орысша сөйлейді, өйткені орыс тіліндегі мультфильм көреді”, – деді Қазыбек Иса.

Кездесу ата-аналардың наразылығына байланысты ұйымдастырылған. Олар №93 мектеп-гимназиясында орыс сыныптарының жоқтығына шағымданған. Алайда ата-аналарға заң бойынша қажет тілдегі мектептер тұрғылықты мекенжайдан 2 шақырым радиуста орналасуы керек екенін, бұған тек №72 және №83 мектептер сәйкес келетінін түсіндірді. 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста