60 жылда Байқоңыр ғарыш айлағынан қанша ұшырылым жасалды?

60 жылда Байқоңыр ғарыш айлағынан қанша ұшырылым жасалды?

Байқоңыр – әлемдегі алғашқы және ең ірі ғарыш айлағы. Роскосмостың мәліметінше, 60 жыл ішінде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран саны 5 мыңға жеткен.

2014 жылы бүкіл әлем бойынша ғарышқа ұшырылған зымырандардың төрттен бірі Байқоңырға тиесілі.

Орта есеппен алғанда кесте бойынша 1 жыл ішінде 20-25 рет зымыран ұшырылады екен. Оның төртеуі «Союз» зымыран тасығышында басқарылатын миссиялар. Барлығын қосқанда ғарышқа «Байқоңырдан» осы уақытқа дейін 150 адам ұшқан.

Қазақ-Ресей «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенінің құрылысы Байқоңыр ғарыш айлағында 2021 жылға жоспарланған және ол «Ангара» зымыран тасығышын негізге ала отырып жасалатын болады. Бұл туралы бүгін Байқоңырда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Сондықтан 2021 жылға дейін барша техникалық базаны әзірлеу қажет. Оған техникалық-экономикалық және өзге де құжаттарды даярлаумен қатар кадрлық мәселені шешу де жатады.

Тағы бір жаңалық, Роскосмос өкілі Игорь Буренковтың айтуынша, Байқоңырдағы келіссөздер нәтижесінде Халықаралық ғарыш стансасына қазақ ғарышкердің ұшатыны туралы нақты шешім қабылданды.

Бұған дейін Сара Брайтманның орнына Айдын Айымбетов ұшатынын айтқан болатынбыз. Бүгін бұл сұрақ өз шешімін тапқан сыңайлы. Алайда ол ұшырылымның уақыты әзірге белгіленбеген. Осы келісімнің арқасында үшінші қазақ космонавты ғарышқа аттанатынын Премьердің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев та айтты.

khabar.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста