«6,1 млрд теңге залал»: Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 16 адам сотталды

«6,1 млрд теңге залал»: Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 16 адам сотталды

Азаматтарды тартып, салымшыларға жоғары сыйақы пайызын уәде етіп, ақша қаражатын инвестициялауды ұсынған.

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында 16 сотталушыға қатысты аса ірі көлемде қаражат тарту арқылы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқару және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруда делдалдық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот айыпталушы А. мен іске қатысы бар өзге де азаматтардың 2017 жылдың мамыры мен 2020 жылдың желтоқсаны аралығында қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін ұйымдастырып, басқарғанын анықтады.

«Алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес, А. және басқалары «Q» ЖШС ашқан. Оған азаматтарды тартып, салымшыларға жоғары сыйақы пайызын уәде етіп, ақша қаражатын инвестициялауды ұсынған. Жоғарыда аталған ЖШС бұрын тіркелген салымшыларды жаңа салымшылардың жарналары есебінен ақшалай байытуға қызмет етіп келген.

Сотталушылардың жасаған бұл схемасы республика аумағында тыйым салынған қаржы пирамидасы болды. Бұл ретте ЖШС-нің Шымкент, Түркістан, Астана, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында құрылымдық филиалдары болған. Өз кеңселерінде олар жаңа инвесторларды тартумен де айналысқан», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Ұйымдастырушылар жарнамалық науқандар жүргізген, кірісі жоғары инвесторларды тартып, салымшылар санын ұдайы арттырып отырған. Экономикалық қызмет көрсетуге лицензиялары болмағанына қарамастан, салымшыларды тартумен, оларға валюта нарығында ойдан шығарылған инвестициялық операцияларды ұсынумен айналысқан.

«Қаржы пирамидасы 1345 жәбірленушіге аса ірі көлемде – 6 136 223 773 теңге залал келтірді», - деп атап өтті ведомстводан.

Қылмыстық істі қарау кезінде сот шын жүректен өкіну түріндегі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды, бес сотталушының асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа алғаш рет тартылып отырғандарын ескерді.

«Сот үкімі бойынша 16 адам аса ірі көлемде қаржы тарту арқылы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарғаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

15 айыпталушы 6 жыл 2 айдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарын басқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды», - делінген сот хабарламасында.

Тағы бір айыпталушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста