"70-жылдардан бері келе жатқан шкафты сырлап шаршадық": Қостанай облысында балалары тозығы жеткен мектепте оқып жатыр

"70-жылдардан бері келе жатқан шкафты сырлап шаршадық": Қостанай облысында балалары тозығы жеткен мектепте оқып жатыр

Тобыл өңіріндегі Жуков ауылының балалары әбден тозығы жеткен мектепте оқып жатыр. Ғимараттың іргетасы шөгіп, қабырғасы жарылған. Еден тақтайы мен төбесі де ескірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Ең қауіптісі  жылу қазандығы  мектептің ішінде тұр. Бұл талапқа сай келмейді дейді ата-аналар. 

Көне мектептің бір бөлігі -патша заманында, енді бір бөлігі өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынған. Екі ғасырлық ескі ғимараттың іргетасы үгітіліп, іші-сырты түгел тозып тұр.  

“Мектептің жағдайы алаңдатады. Апаттық жағдайда тұр десем артық айтқаным емес. Ахуалы нашар. Басқа мектеп болмаған соң, амалсыз ауыл балалары  осында оқып жатыр”, – дейді ауыл тұрғыны Артем Котин.

Спортзал жоқ. Сондықтан денешынықтыру сабағы қыста қуықтай бөлмеде өтеді. Шәкірттер  жеңіл-желпі жаттығу жасаумен  шектеледі.Жасөспірімдер тек күн жылығанда ғана далаға шығып, доп қуып бой жазады.

“Мен бұған дейін қалада тұрдым. Күреске қатысып жүлделі орындар иелендім. Ал мұнда  күрес үйірмесі жоқ. Сондықтан қазір дойбы үйірмесіне ғана барамын”, – дейді оқушы Евгений Бледных.

Мектепте заманауи зертхана, акт залы түгілі  қарапайым киім ілгіштің өзі  жоқ. Ескі ғимараттағы заттың бәрі  ескірген. Терезенің тесігін бітеп, көне шкафтардың бетін сырлаумен келеміз дейді мұғалімдер.

“Интерактивті тақта жоқ. Кабинетімде өзімнің математика кабинетінде анау  тұрған шкафтар 70-80 жылдардағы ма білмеймін. Енді терезесін айтсам, осы неше жыл істеп жүрдім терезесін жел соққанда кабинетте  сабақ бере алмайсың”, – дейді мұғалім Сара Аязбаева.

Қостанай ауданындағы 46 мектептің 7-уі  талапқа сай келмейді. Білім ошақтарындағы түйткілді бөлім басшылары жақсы біледі. Мәселе біртіндеп  шешіледі дейді.  

“Біз бұл  проблеманы білеміз. Ескі ғимаратты техникалық зерттеуден өткізу үшін бюджеттік  тапсырыс бердік.Байқау жарияланды. Техникалық зерттеудің нәтижесі анықталған соң нақты не істеуге болатыны, қай тұсын жөндеу керектігі  шешіледі”, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары Айгүл Хасанова.

Техникалық зерттеу ескі ғимараттың  жөндеуге келмейтінін анықтаса,  оның орнына жаңасын  салу екіталай. Өйткені білім бөлімінің өкілдері мектеп салғаннан гөрі,  арнайы көлік шығарып оқушыларды көрші ауылға тасымалдаған тиімді екенін айтады. Ал тұрғындар бұған қарсы.  Елдімекенде заман талабына сай жаңа мектептің бой көтергенін қалайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста