«700 жаңа скважина»: Дінмұхамед Қонаев 1975 жылы болған құрғақшылықпен қалай күрескен (ВИДЕО)

«700 жаңа скважина»: Дінмұхамед Қонаев 1975 жылы болған құрғақшылықпен қалай күрескен (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде 1975 жылғы Қазақстанның оңтүстік аймақтарында болған құрғақшылық туралы деректі фильм тарады. Еліміздің бес облысындағы қуаңшылықты сол кездегі Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қалай жеңгені жайлы видео елдің қызу талқысына түсті.

Мұрағаттық фильм "Құрғақшылыққа қарсы тұру" деп аталады. Онда 1975 жылғы ерте көктемдегі ауыл шаруашылығына жайсыз ауа райы сипатталған.

"Жақын күндері жауын-шашын болмайды. Күн өткен сайын жағдай ушығып барады. Көлеңкеде - 45 градус. Ал топырақта - 75-78 градус. Мұндайды тіпті жасы үлкен қариялар да көрмеген. Оңтүстіктегі бес өңір - Шымкент, Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Қызылорда облыстарын өрт сияқты бір уақытта ерте көктемгі құрғақшылық басып алды", - дейді фильмдегі алғысөзде автор.

Деректі фильмде табиғи апатпен сол кездегі биліктің қалай күрескені жайында анық айтылады.

"Осы жағдайда республика үкіметі табиғи апатпен күреске бүкіл елді және материалды-техникалық ресурстарды жұмылдыру бойынша ең кезек күттірмейтін, маңызды шараларды қабылдады.

Үкіметтік төтенше комиссия құрылды. Обкомдар, райкомдар ауыл еңбеккерлерін, өндіріс, құрылыс, көлік қызметінің жұмысшыларын ұйымдастырумен айналысып, күнделікті олардың күш-қуаты мен тәжірибесін қиындықты жеңуге бағыттап отырды.

Ең басты міндет - қоғам меншігіндегі малды жеммен, сумен қамтамасыз ету. Миллиондаған бас мал. Жем ретінде егілетін жүгері аумағын көбейту бағытында күнге күйіп, өліп қалған егістік жерлер қайта өңделіп, онда жүгері себіліп жатыр. Шөп шабатын техниканы науқанға дайындап жатыр.

Жерасты суларын іздеу жұмыстары қарқынды жүруде. 700-ге жуық жаңа су ұңғымасы құрғақшылықтан зардап шеккен жерге нәр бере бастады. Жайылымдық жерлер мен егістік алқаптарына су құбырлары тартылуда. Үштөбедегі жөндеу зауытында жұмсақ шлангысы бар жылжымалы суару агрегаттарын жасап шығару ретке келтірілуде. Елімізде бар барлық су көздері есепке алынып жатыр. Суару техникалары тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

Адамдар да жоғары жауапкершілікпен еңбек етуде. Машинамен шабуға келмейтін жерлер, автомоблиль, темір жолдарының бойын адамдар қолмен оруда. Қалалар мен өндірістік орталықтарда зейнеткерлер, студенттер мен оқушылар саябақтар мен скверлердің шөбін орып, дайындауда. Барлық орылған шөп орталық қабылдау пункттеріне өткізіледі", - делінген мұрағаттық фильмде.

Бейнематериалда сол жылғы құрғақшылықтың көз ілеспес жылдамдықпен шекарасын ұлғайтып жатқаны айтылады. Сондай-ақ, онда мұндай табиғи апаттың Қазақстан аумағында 1879 жылы орын алғаны және ол кезде жалпы мал санының 65 пайызы аштықтан қырылғаны аталып өтілген. Фильмде ел үкіметінің мал басын сақтап қана қоймай, оның өсімін қамтамасыз ететіндей шараларды жүзеге асырғаны баяндалады.

"Осындай өте қиын табиғат жағдайында республикалық партиялық ұйымдар мал басының азаюына жол бермеуге ғана емес, оның өсімін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыруда. Алдағы қысқа жем-шөп дайындау мәселесін арнайы Қазақстан компартиясы орталық комитетінің мүшелері қарастырды", - дейді фильм авторлары.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің Маңғыстау және Қызылорда облыстарында қуаңшылықтан мал аштан қырылып жатқанын жазған едік. Сондай-ақ, 25 жастағы шымкенттік жігіттің батыс өңірлеріндегі шаруаларға арнап шөп жинау асарын ұйымдастырғаны туралы хабарлағанбыз. 

nur.kz

https://www.facebook.com/people/Ержан-Джанабаев/100009143691753/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста