78 жастағы ақсақал велосипедпен Меккеге бармақ

78 жастағы ақсақал велосипедпен Меккеге бармақ

Қарағандылық 78 жастағы ақсақал Олжабай Смағұлов Меккеге велосипедпен баруды мақсат еткелі біраз уақыт бол­ған. Бұған дейін ақсақал Қазақстанның, Ресейдің тоғыз облысын велоси­педпен аралап шыққан. Велоси­пед­ке отырып, саяхатқа шығуды қария 2003 жылы бастапты.  Велосипедпен ел аралаған 10  жыл ішіндегі Олжабай Түсіпұлы­ның маршру­ты ауқымды. Ресейдегі Абай жылы, Қазақ­стан­дағы Пушкин жылы деп аталған арнаулы жылдарда да велосипедпен екі ел арасында саяхаттап жүрді.
Жүрген жерін бейнекамераға, суретке түсіріп, қасиетті мекендеріне тәу етіп отыру – ақсақалдың бұлжымас қағидасына айналған. Егер Олжабай атаның жолсапа­ры­нан жиған-терген дүниесін жинақтаса, том-том кітапқа өзек боларына күмән жоқ. Бұл жылдар ішінде ақсақал велосипедімен 20 мыңнан астам шақырым жүріп тастапты.
Алғаш Қарағандыдан Түркістанға ве­ло­си­педпен табан тіреген ақсақалдың ендігі межесі – Мекке. Алла қаласа, Сауд Арабиясына велосипедпен жетіп, мұсыл­манның қасиетті мекені – Меккеге жетпек­ші. Ол үшін дайындықты бастап та жі­берген.Біріккен Араб Әмірлігі Мекке шекарасын  жалғыз емес, велосипедші топпен – жеті адаммен кесіп өтуі тиіс деген та­­лап қойылғаннан бері өзінің тобын жасақ­тауда. Ақсақалдың айтуынша, бүгінде алты адам бар. Енді бір адам қажет. Содан кейін олардың денсаулығы жіті тек­серіледі. Олжабай ақсақал өзінің денсау­лығы туралы дәрігердің  берген анықта­масы әзір екенін айтады. Дәрігер қауымы «алаңсыз жолға шығуға болады» деп отырса  керек. Бүгінде Олжабай ата­мыз­дың қолында жолдың сызбасы жасал­ған карта­сы дайын. Ақсақал бірінші Ашха­бадқа поезбен жетіп, содан әрі қарай вело­сипед­пен сапарға шықпақ .
Олжабай СМАҒҰЛОВ, велошабандоз:
– Өткенде ғана дәрігердің тексе­руінен өттім. Олар сапарға шығуға болады деп отыр. Топта жеті адам бо­луы тиіс. Оның алтауы бар. Бірақ олар әлі де тексеруден өтуі керек.Денсау­лық­тарының жарамды-жарамсыз­дығын анықтауы қажет. Барлығы да – Қарағанды аймағынан. Біз Ашхабадқа поезбен жетіп, содан ары қарай күніне 60 шақырым жүруді жоспарлап отыр­мыз. Ашхабадтан Меккеге дейін 4 мың шақырымнан астам екен. Егер жобамен күн сайын 60 шақырым жүр­сек, меже­леген мезгілде жетеді екенбіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста